2014 жылдың 19 сәуірінде Риддер қаласының аумағында Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы, облыс Әкімдігі мен «Нұр-Отан» партиясының «Мәңгілік елдің «Заң Керуені» атты бірлескен акциясы өтті.

22 сәуiр 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2014 жылдың 19 сәуірінде Риддер қаласының аумағында Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы, облыс Әкімдігі мен «Нұр-Отан» партиясының «Мәңгілік елдің «Заң Керуені» атты  бірлескен акциясы өтті.

Акцияның ұраны кездейсоқ алынбаған. Ол өз мазмұны бойынша Ел Басының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат - бір мүдде - бір  болашақ» атты биылғы Жолдауының негізіне салынған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыруының жалғасы болып табылады.  

Ел Президентінің Жолдауындағы басым бағыттардың бірі – заңның үстемдігі мен қазақстандықтардың жоғары құқықтық мәдениеті болып белгіленген.

Осыған байланысты, өткізілген акцияның мақсаты - азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру және құқықтарын қорғау, құқық үстемдігін жетістікті және күшті мемлекеттік құру үшін қажетті құралды белгілеу болып табылды.

Облыс прокуратурасының ұтқыр тобы қала ішінде жергілікті халық үшін ыңғайлы және адам көп жиналатын жерлерді ескерумен барлық учаскелерде тұрғындарды қабылдады. 

Акция барысында қала тұрғындарына құқықтық көмек көрсетілді, қызықтыратын мәселелер бойынша заңдардың түсініктемелері берілді,  анықталған заң бұзушылықтарға шаралар қолданылды. Барлық түскен арыздар уәкілетті мемлекетті органдардың басшылары мен жауапты қызметкерлерін шақырумен, штабта қаралды.

Талдау көрсеткендей, азаматтардың көпшілігі су және электрмен қамтамасыз ету, автожолдардың жағдайы мен жарықтандыру, балалар алаңшаларын абаттандыру және қоғамдық құқықтық тәртібін қамтамасыз ету мәселелері бойынша жүгінген.

Мысалы, акция барысында Риддер қаласының тұрғыны, ЖК Шмаковтың қол астында жұмыс істейтін сатушы Л.Палкина бір ай бойы Риддер қалалық кәсіпкерлік бөлімінен қоғамдық орында сауда жасауға рұқсат ала алмай жүргені  жөнінде арызданған. Аталған арызды кәсіпкерлік бөлімнің бастығы Н.К.Тастахаеваны шақырумен штабта қаралып, сауда жасау үшін рұқсат беру мәселесі шешілді.

Прокуратураның араласуынан кейін 2014 жылдың 25 ақпанынан жеке куәлігінсіз жүрген Риддер қаласының тұрғыны Е.В.Иванованы құжаттандыру мәселесі шешілді.

Облыс прокурорының орынбасары Н.Д.Бижанов Боровая көшесінде тұрғын үйдің опырылуы салдарынан зардап шеккен тұрғындармен кездесу өткізді.  

Акция шеңберінде қала кәсіпкерлерімен кездесу өткізілді, оның барысында кәсіпкерлік қызметті дамыту саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Кеңеске «Даму», «КазАгроФинанс» даму институтының,  ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау Қоры, Аграрлық несиелік корпорациясының өкілдері де қатысты, олар бизнесті дамыту үшін мемлекет беретін жеңілдіктер мен кепілдер туралы баяндады.     

Осы жылдың 2  сәуірінен бастап кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге енгізілген мораторийдің ережелері де жеке қозғалды.

Акция барысында анықталған бұзушылықтар бойынша қала әкімдігі мен Риддер ҚІІБ-ның атына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс дайындалды.

Қосымша зерделеуді талап ететін арыздар бойынша тексерулер тағайындалып,  уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу