Алименттерді өндіру мәселесі ШҚО прокуратурасының алқа отырысында қаралды

01 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Алқа отырысының жұмысына кәмелетке толмағандардың істері бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының, әділет және полиция Департаменттерінің, жекеше сот орындаушыларының Аумақтық палатасының, үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат Басқармаларының басшылығы мен өкілдері, сондай-ақ, облыс орталығының аумағында орналасқан жекеше сот орындаушылары қатысты. Бейнеконференцбайланысы арқылы қала, аудан прокурорлары, аумақтық органдар қатысты.

Осы салада заңдылықтың жай-күйіне жүргізілген талдау жекеше сот орындаушыларының заңмен қарастырылған қажетті шараларды қолданбауы салдарынан алименттің өндірілуі төмен екенін көрсетті.

350 борышкерлер жұмыс істегені анықталды, ал, жекеше сот орындаушылар алиментті олардың жалақысынан ұстау үшін шаралар қабылдамай, оларды өндіру уақтылығы мен дұрыстығына бақылау жасамаған.

292 өндіріс бойынша борышкерлердің пәтерлері мен автокөліктеріне тыйым салынбаған. Басқа жағдайларда, ұзақ уақыт бойы мүлікті бағалау және сатуы жүзеге асырылмаған, нәтижесінде 60 борышкер жыл басынан бастап алимент берешектерін төлемей, өз көліктерін сатып үлгерген. 800 борышкердің жүргізуші куәліктерін қолдану мерзімін уақытша тоқтату үшін шаралар қабылданбаған.

Бұрын, осы жылдың мамыр айында облыс прокуратурасы осы бағытта атқарылған жұмысы туралы хабарлаған болатын. Сол кезде уәкілетті органдармен бірлескен жұмыс нәтижесінде 92 млн.теңге алимент берешегі өндірілген. Бірлескен жұмыс тобы құрылған. Олар негізгі үш бағыт бойынша жұмыс жүргізді: біріншісі – үгіттік және ақпараттық-насихаттық іс-шаралар; екіншісі – борышкерлерді жұмысқа орналастыру және аз қамтылған отбасыларға жан-жақты көмек көрсету; үшіншісі – борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тарту, есепшоттарға тыйым салу, шетелге баруын шектеу, атқарушылық құжаттарды орындау үшін нақты шараларды қабылдау.

Қабылданған шаралармен осы жылдың 7 айы ішінде алимент бойынша 132 млн.теңге берешек өндірілді. 157 борышкер жұмыспен қамтылды, тағы да 190 борышкер жұмыссыз ретінде есепке қойылды. Қылмыстық жауаптылыққа 18, әкімшілік жауаптылыққа 10 борышкер тартылды.

Сонымен қатар, талдау барысында ведомствоаралық өзара іс-қимылдар жасалмайтыны анықталды. Алқа отырысының қатысушылары осы мәселе шешілген жағдайда жұмыспен қамту, қылмыстық жауаптылыққа тарту, қатаң

есептілікке алу және басқа бағыттарда да тиімді жұмыста қамтамасыз етуге мүмкіндік туындайтынын атап өтті. Сондықтан, облыс прокуратурасының ұсынысымен бірлескен бұйрық шығарылып, орындау мерзімі осы жылдың соңына дейін белгіленген іс-шаралардың бірлескен Жоспарын бекіту туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, облыс прокуроры алиментерді өндіру бойынша сот орындаушыларының шығындарын төлеуге бюджеттен бөлінген қаражатты жұмсау және сот орындаушыларының борышкерлердің шетелдерге шығуына шектеу салу заңдылығын, олардың уақтылығы мен басқа да бірқатар маңызды мәселелерді тексеру тапсырылды.

Бақылау тәртібінде осы мәселені 9 айдың қорытындылары бойынша қарау ұсынылды.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу