Астана күніне орай салтанатты жиналыс.

05 шілде 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

4 маусым 2014 жылы Астана күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасында салтанатты жиналыс өтті.

Облыс прокуроры  Б.Таимбетов өзінің құттықтау сөзінде: «Астана - мемлекетіміздің береке-бірлігін, бостандығы әрі әлемдік туыстығын білдіретін, туған жердің мақтанышы болып келетін жас қала.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Астананың алдында әлемнің ең дамыған отыз елдің қатарына енуді мақсатқа қойған. Бүгінде мемлекетіміздің экономикалық дамуы осы мақсатқа жетуге бар мүмкіндікті жасауда.

Астана - арманы асқақ, асуы биік жандардың, сонымен қатар елінің бір күндігін емес, халқының 100 ғасырлық бірлігін ойлаған - Елбасы орнатқан қала. Еуразия кіндігіне орналасқан алты Алаштың басын қосқан қасиетті мекен»,- екенін атап өтті.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу