Азаматтардың біртұтас қабылдау күні

21 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Азаматтардың біртұтас қабылдау күні - 377004022

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жылжыту бойынша қойған міндеттердің шеңберінде бүкіл елімізде азаматтардың біртұтас қабылдау күні өтті. Оның негізгі мақтасы – азаматтардың нақты мәселелерін шешуге бағыттау, халықпен тікелей диалог орнату және нығайту. Жалпы республикалық іс-шараны Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы да қолдады.

Облыс прокуроры Құсайын Игембаевтың қабылдауына 20-дан астам адам келді. Олардың бірі бейнебақылау байланысы арқылы қабылданды. Тұрғындардың көбсі қылмыстық процестің сотқа дейінгі кезеңі, әлеуметтік-экономикалық сала және қылмыстық, азаматтық істер бойынша сот актілерімен келіспеуі мәселесімен жүгінген. 

Мысалы, Қарағанды қаласынан келген ана облыс прокурорына алимент төлемеу  мәселесін шешіп, борышкерді әкімшілік жауаптылыққа тартуын сұраған. Басқа арыз иесі алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істің тоқтатуымен келіспейтінін айтқан.

Облыс прокуроры әрбір азаматты мұқият тыңдап, кеңес берді, бір мәселе бойынша кейінгі әрекеттер туралы түсіндірсе, қалғандары бойынша басқарма бастықтарына нақты тапсырмалар берді. Барлық арыздарды жеке бақылауға алды.   

Қала, аудан прокурорлары да жалпы республикалық іс-шараға белсенді қатысты. Олар азаматтарды прокуратуралардың ғимараттарында, «Nur Otan» партиясының филиалдарында қабылдады. Барлығы, осы күні қабылдауға 80 адам келді. Осымен қатар, бірқатар мәселелер орнында шешілді, қалғандары бойынша қолданастағы заңнаманың нормалары туралы нақты түсіндіру берілді.  

Атап өту қажет, халықпен кері байланысты Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы тұрақты түрде қолдайды. Облыс прокуроры азаматтарды әр аптаның сейсенбісінде қабылдайы, ал аумақтық прокурорлар жұмыс күні бойы қабылдайды. Бұдан басқа, қадағалау органының басшысына прокуратураның сайтында ресми блогы арқылы арыз беруге болады.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу