Балықтың уылдырық шашуына байланысты балық аулауға тыйым салынғаны туралы хабарлаймыз

23 сәуiр 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Табиғат қорғау прокуратурасы табиғат қорғау полициясы, балық инспекциясы және жедел ықпал ету жасағымен бірлесіп 18.04.2014ж. сағат түнгі 00:20-да Күршім ауданының Ақсуат ауылында балықтың уылдырық шашу кезінде браконьерлікпен айналысқан осы ауылдың 1990 ж.т. Т. және 1976 ж.т. Ж. азаматтары ұсталды.

Олардан 338,5 кг балық, оның ішінде, 336 кг. көксерке, 1 кг. сазан және 1,5 кг. шортан алынды. Келтірілген зиянның көлемі 187 7 92 теңге құрады. Аталған балық көлемінен басқа, 10 дана қытайда жасалған балық ауы мен «Казанка» қайығы алынды.

Осы күні аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 287 бабы, 2 бөлігі, «д» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды (алдын ала сөз байласып, топпен балық ресурстарын заңсыз аулау); қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Атап өту қажет, осы жұмыс табиғат қорғау прокуратурасы, табиғат қорғау полициясы, балық инспекциясы және жедел ықпал ету жасағының қызметкерлерінің санынан балықтың уылдырық шашу және балық қорының көбеюі кезінде облыс су қоймаларында заңсыз балық аулау фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында ұтқыр топ құру туралы облыс прокурорының 15.04.2014ж. бұйрығын орындау шеңберінде атқарылған. 

Бір күн бұрын, яғни, 17.04.2014ж. сағат 23:30-да Күршім ауданының Ақсуат ауылында 36 кг.балықты заңсыз аулаған 1991 ж.т. К. және 1995 ж.т.  Ж. азаматтар ұсталған, мемлекетке келтірілген зиянның сомасы 15 556 құраған.  

Олардың әрбіреуіне қатысты  ҚР ӘҚБтК-нің 298-1 бабы, 2 бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, сотқа қарау үшін жолданған.

         Сондай-ақ, халықтың назарына 16.04.2014ж. мен 31.05.2014ж. аралығында Зайсан көлінде, Баты тауларынан Бұқтырма су қоймасына дейін, 10.05.2014ж. бастап 10.06.2014ж. дейін Бұқтырма ГЭС-нан бастап Павлодар облысына дейін Ертіс өзенінің бойына балықтың уылдырық шашуына байланысты балық аулауға тыйым салынғаны туралы хабарлаймыз.          

         Осыған байланысты, балықтардың уылдырық шашып, көбеюіне мүмкіндік туғызып, халықты заңды бұзбауға үндейміз.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу