Бірінші жартыжылдық бойынша ШҚО прокуратурасының жұмысы туралы алқа отырысының қорытындысы

23 шілде 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бірінші жартыжылдық бойынша ШҚО прокуратурасының жұмысы туралы алқа отырысының қорытындысы - 68365148

Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасында өткен 6 ай бойынша жұмыс қорытындысы жасалған алқа отырысы болып өтті. 

Осы жылы қадағалау органдары Бас прокуратура міндеттеген тапсырмаларды жүзеге асыруды  басты назарда ұстады. Осылайша, мақсатты түрде жасалған профилактикалық жұмыс нәтижесінде қылмыстылық деңгейін 19,5%-ға төмендетуге (12525-тен 10085), соның ішінде кәмелет жасқа толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар, тонау, зорлау, бұзақылық сияқты қылмыстарды төмендету мүмкіндігі туды. Ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы 85,5% құрады.  

Бұрын қылмыстық қудалаудың аясына қосылған 6 азаматтың конституциялық құқығы қорғалды. Қызметтік ұстау бөлмелері мен изаляторлардан заңсыз қамалып отырған 6 тұлға босатылған. Түрме халқы 19% ( 5302-ден 4265) кеміді, сотталған тұлғалардың 78,7% еңбекпен қамтылған.

Қоғамдық мүдделерді қорғау саласында прокуратураның бастамасымен облыстың 12 аймағында халық қозғалысын қиындатқан жерлерде бұрын болмаған 65 әлеуметтік маңызы бар автобус маршруттары ашылды. Нәтижесінде 300 мыңға жуық облыс тұрғындарының құқығы қорғалған.

Ағымдағы жылы соңғы 3 жылда күн тәртібінде тұрған несиелік серіктестіктердің 5 мың қарыз алушысының мәселелері толық шешімін тапты.  Принципті позицияны берік ұстану арқасында осындай азаматтық істер бойынша сот тәжірибесін өзгертуге қол жеткізілді.  Енді қарыздың сомасы тек адал емес қарыз алушылардан өндірілетін болады. Бұрын шығарылған шешімдер де осы негіздер бойынша қаралады. Адал  қарыз өтеушілерге қатысты атқарушылық өндірістер тоқтатылған.

Жер қатынастары саласында мақсатты жұмыстар жалғасуда. Бүгінгі күні мемлекет меншігіне 397 жер учаскелері қайтарылған, кадастрлық бағасы шамамен 1,1 млрд.тг. Мысалы, Өскемен қ. ЖШС біреуіне тиесілі бағасы 440 млн. теңге құрайтын ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған 26,6 га мемлекетке жер учаскесі қайтарылды. 

Алименттерді өндіріп алу бойынша жұмыс жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері 157 борышкер еңбекпен қамтылған, тағы 190 борышкер жұмыссыз ретінде есепке алынған. 128 млн. тг өндірілген, қарыздарын өтемеген 8 тұлға әкімшілік жауапкершілікке, 15 қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 

Жалпы, 834 мың азаматтың құқығы, оның ішінде 5893 конституциялық құқық қорғалған. Мемлекет кірісіне 824 млн. тг. өндірілген, оның ішінде 800 млн. мемлекеттік бюджетке берілген, 1 млрд. тг. астам сомада мүлік қайтарылған. 1056 жұмыскерге 169 млн. тг. көлемінде жалақы төлеу қамтамасыз етілген.

Алқа отырысының нәтижесінде жасалған жұмыс бойынша есепті тыңдай келе, облыс прокуроры екінші жартыжылдыққа арналған тапсырмаларды құрастырды, сонымен қатар, барлық бағыттарда қадағалауды күшейту жұмысын тапсырды. Осылайша, келер мерзімге арналған негізгі артықшылықтар – өтініштерді сапалы қарау және шешу, аймақта тұрақты әлеуметтік-саяси жағдайды қалыптастыру және талдау жұмысын күшейту болып анықталды. 

Одан бөлек,  қылмыстылық профилактикасы, азаматтардың конституциялық құқығын қорғау, сонымен қатар, еңбек құқығын сақтау бойынша кешенді жұмыс жасау нақты тапсырмалардың қатарын толықтырады.

Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу