Есімізде сақтаймыз, мақтан тұтамыз және құрметтейміз!

14 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Есімізде сақтаймыз, мақтан тұтамыз және құрметтейміз! - 1751787773

 Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақ ССР құрметті заңгері, ҚР прокуратурасының құрметті қызметкері Терещенко Тимофей Иосифовичті еске алды. Бүгін, 14 қазанда ол 100 жасқа толушы еді.

Тимофей Иосифович 1919 жылдың 14 қазанында Украинаның Днепропетровск облысында туған. 1935 жылы 7 сыныпты бітіріп, Широковск мал дәрігерлік техникумының 1-ші курсына оқуға түсті. 1939 жылы Кызыл Әскерге борышын өтеуге шақырылды. 

Соғыс жылдары Кинешма қаласында 403 гаубица-артиллерия атқыштар полкында қызмет атқарды, танкке қарсы  атқыштар дивизиясының батарея командирі болды. Осы бөлімнің құрамында солтүстік-батыс майданында неміс басқыншыларына қарсы соғысты. 1941 жылы жарақат алып, аяғына ампутация жасалған. Майданда көрсеткен ерлігі үшін әртүрлі әскери наградалармен - 1 және 2 дәрежедегі «Отан соғысы» орденімен,  Совет Одағының Маршалы Г.К.Жуковтың медалімен марапатталған. 

Госпитальда ұзақ емделегеннен кейін Тимофей Терещенко 1943 жылы Алматы заң институтына түсті. Өзінің прокуратура органдарындағы еңбек жолын 1947 жылы Өскемен қаласы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастады. Содан кейін қылмыстық-сот қадағалау бөлімінің бастығы қызметін атқарды. 

1952 жылы Мәскеу қаласына ҚСРО прокуратура басшылығы қызметкерлерінің курсына жіберілді. Оқудан қайтап келген соң  Т.Терещенко Зырян ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды. Осы лауазымда ол 17 жыл қызмет етті. Кейіннен 7 жыл бойы облыс прокурорының орынбасары қызметін атқарды. 

Жалпы алғанда прокуратура органдарында Тимофей Терещенко 43 жыл жұмыс істеді. Қазақ ССР Жоғары Кеңесі Президиумының Жарлығымен оған «Қазақ ССР Құрметті Заңгері» деген құрметті атақ берілді. Ал, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтудағы үлесі үшін «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталды. Сондай-ақ, ол қызмет атқарған уақытында бірнеше рет үкіметтік наградалармен марапатталды.

Ол туралы естелік сақтау үшін облыс прокуратурасының бастамасымен Т.Терещенко өз отбасымен 31 жыл тұрған Пролетарская көшесіндегі үйге 2007 жылы мемориалды тақта орнатылды.

Тимофей Терещенконың қол астында жұмыс істеген әріптестері, ізбасарлары оның өмір жолы мен жоғары кәсібилігі прокурорлық қызметкерлердің жаңа буынына үлгі болғандығын атап өтті. Есімізде ол прокурорларға талап қоя алатын, принципалды және азаматтық ұстанымы мол басшы ретінде қалды.   

 Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу