«Конфессиялық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері, терроризм мен экстермизмге қарсы әрекет ету» және «Ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру»

12 мамыр 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2014 жылдың 5 мамырында облыс прокуратурасының 1-ші Басқармасының терроризмге және экстремизмге қарсы әрекет ету саласында заңдылықты қадағалау бойынша бөлімі облыс прокуратурасының Оқу орталығы мен «ШҚО діни мәселелерін зерттеу Орталығы» КММ-мен бірлесіп, «Конфессиялық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері, терроризм мен экстермизмге қарсы әрекет ету» және «Ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру»тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Семинар ШҚО прокуратурасының мәжіліс залында техникалық құралдарды қолданумен баяндамаларға слайд көрсетілді және тыңдаушылардың белсенді қатысумен өтті.

Семинар-тренингтің жұмысында баяндаушылар ретінде облыстың құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты, ал, тыңдаушылар ретінде облыс прокуратурасы органдарының 40 қызметкері қатысты (прокурорлар, бөлім бастықтары, қала, аудан прокурорларының аға көмекшілері, көмекшілері).

Семинарда келесі баяндамалар тыңдалды:

1. «Қазақстан Республикасының экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет ету бойынша 2013-2017 ж.ж. арналған Мемлекеттік бағдарламасы, міндеттері, индикаторлары және қойылған мақсатқа жету жолдары» -  Медіғатов Мақсат Медіғатұлы, облыс прокуратурасының 1-ші Басқармасының терроризмге және экстремизмге қарсы әрекет ету салдасында заңдылықты қадағалау бойынша бөлімі бастығы.

2. «Дін саласындағы Мемлекеттік саясат» - Мұхаметжанов Манарбек Әзімбекұлы – ШҚО дін істер бойынша Басқармасының басшысы.

3. «Органдардың экстермизм мен терроризмді қаржыландыру көздерін анықтау бойынша өзара іс-қимылдары» - Өтебаев Серік Мұратұлы, ШҚО ЭСЖҚКД арнайы басқармасының инспекторы.

4. «Қазақстанда исламның даму ерекшілігі» - Оразбаев Ғалым Армиянұлы,  ШҚО ЭСЖҚКД терроризм мен экстремизмге қарсы әрекет ету бөлімінің бастығы.  

5. «Бас бостандығынан айыру жерлерінде діни экстремизмнің ерекшілігі және оны алдын алу» - Байтурин Данияр Балтағазыұлы, ШҚО ҚАЖД жедел уәкілі.

6. «Қазақстандық конфессияаралық келісім үлгісі: діни экстермизмнің даму үрдісі мен профилактикасы» - Морозова Оксана Викторовна, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ философиялық және әлеуметтік-саяси теориялар кафедрасының меңгерушісі

7. «Мемлекеттік қызметшілердің діни сауаттылығы – Қазақстанда зайырлық қағидасын жүзеге асыру шарты» - Рякова Елена Геннадьевна, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ философиялық және әлеуметтік-саяси теориялар кафедрасының аға оқытушысы

8. «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет ету бойынша ақпараттық-насихаттау жұмысының ерекшілігі» - Беркімбаева Индира Кылымбекқызы, ШҚО діни мәселелерді зерттеу Орталығының директоры.

 

Семинардың тыңдаушыларымен «Діни экстермизм мен терроризмге қарсы әрекет ету бойынша, сондай-ақ, дәстүрлі емес діни ағымдарының жақтаушыларын заңмен белгіленген әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартудың кейбір мәселелері» тақырыбында тренинг өткізілді.

Сондай-ақ, тыңдаушылар прокуратура органдарының қызметкерлері үшін наразылық акциясымен байланысты емес көпшілік іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктерге ықпал ету және оларды болдырмау бойынша іс-қимылдар алгоритмімен таныстырылды.

Қатысушылар семинардың сапасы мен мазмұнын жоғары бағалады, себебі, әрі қарай олар оны өздерінің тәжірибелік қызметінде толық қолданатын болады.

Семинарда Аягөз ауданы прокурорының көмекшісі А.Аткешова, Өскемен қаласы прокурорының көмекшісі Ж.Коңыров, Семей қаласы прокурорының көмекшісі А.Ксанов белсенділік танытты, оларға кітап ретінде жүлде табысталды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу