«Кәсіпкерлікті қорғау»

18 желтоқсан 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 Күршім ауданы прокурорының наразылығымен 24 маусым 2013 жылы Күршім ауданы әкімдігінің 05.12.2012 жылғы «Қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдарын бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» №2698 қаулысы бұзылды.

Анықталғаны, «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабы бұзылып, аталған қаулы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындысын алмай және  оның  жобасы алдын-ала бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды жарияланбай (таратылмай) қабылдаған.

Сөйтіп, аудан прокуратурасымен мыңға жуық жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары қорғалды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу