Құқық қорғау қызметінің Орталығы 3 мыңнан астам өтініш қабылдаған

09 қаңтар 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының  Ұлт жоспары «100 нақты қадам» тапсырмасымен 2017 жылдың 21 желтоқсанында Өскемен қаласында құқық қорғау қызметінің Орталығы ашылған.

Орталықтың негізгі міндеті – азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру, әкімшілік кедергілер мен бюрократияны жою, мәселелерді жедел шешу болып табылады.

Жыл ішінде 3 мыңнан астам азаматтарға құқықтық сипаттағы консультативтік көмек көрсетілді.

Орталықта прокурорлар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар, психологтар, пробация қызметінің, әділет Департаментінің, құқықтық статистика басқармасының, халыққа қызмет көрсету Орталығының  қызметкерлері қабылдау жүргізеді.

Ай сайын құқық қорғау қызмет Орталығында құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен азаматтардың қабылдауы жүргізіледі, әр сейсенбіде облыс прокуроры қабылдайды.

Көмек көрсетілгендер арасында зейнеткер Лидия Пономарева да бар. Ол бас бостандығынан айыру жерінен рақымшылықпен босатылып шыққан, қаланың бір диспансерінде есепте тұрған немересінің жеке куәлігін бір жыл бойы қалпына келтіре алмай жүрген.  

Лидия Степановнаның айтуынша, оның бармаған жері жоқ. Ол халыққа қызмет көрсету орталығына, полицияға, уақытша ұстау оқшаулағышына да көмек сұрап барған. Әбден үмітін үзген соң, құқық қорғау қызметінің Орталығына көмек сұрап келген. Бұл жерде оның мәселесі бір күн ішінде оңды шешіліп, зейнеткер прокурорларға алғысы шексіз екенін айтқан.

Басқа жағдайда, пансионатта тұратын 84 жасар зейнеткер 2009 жылдан бастап оның банк картасын тартып алып зейнетақысын алып отырған ұлына шара қолдануын сұрап келген. Оны ұлы ҚҚКО шақырылып, онымен әңгімелескен соң, ол әкесіне карточкасын қайтарып берген.

Барлығы ШҚО прокуратурасына жылдың басынан бастап, азаматтардан және заңды ұйымдардан 15 мың арыз түскен, қарау нәтижелері бойынша 2 мың азаматтың құқықтары қорғалды. 

Прокурорлар 5471 азаматты жеке қабылдап, олардың 2030 прокуратура органдарының басшылары қабылдады.       Прокуратура органдарына түскен арыздардың тең жартысы қылмыстық процестің сотқа дейінгі тергеу мәселелеріне қатысты болған. Содан кейінгі кезекте әлеуметтік-экономикалық сала мәселелері, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша сот актілерімен келіспеуі туралы арыздар мен өтініштер.

Атап өту қажет, 40% арыздар мен өтініштер құзыреттілігі бойынша қарау үшін басқа органдар мен мекемелерге қайтара жолданған. Бұл «Прокуратура туралы» заңына енгізілген жаңа баптарға сәйкес, Президенттің тапсырмасымен немесе шектелмеген адамдар қатарының құқықтары бұзылғанда немесе прокуратура органдары физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды дербес жүзеге асыра алмаған азаматтардың өтініштері қаралады.

Осыған байланысты, облыс прокуратурасы азаматтарды жоғарыда көрсетілген өлшемдерге сәйкес келмейтін арыздарын тікелей уәкілетті органдарға немес сотқа жолдау керектігін түсіндіреді, себебі, бұл өзекті мәселелерді тездетіп шешуіне ықпал етеді.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу