Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары!

16 шілде 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары! - 151960637

ШҚО прокурорының өкімі бойынша заңдылықты бұзудың әрбір фактісіне жедел ден қою мақсатында әр қалада және ауданда фармацевтикалық ұйымдардың мониторингі бойынша мобильдік топтар құрылды.

Мобильдік топтардың мүшелері дәрілік заттардың бағасын негізсіз көтеру жағдайларын анықтайды, сондай-ақ алыпсатарлық фактілері және кінәлі тұлғаларды заңмен белгіленген жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдайды.

Дәрілік препараттарды қымбат бағамен сату фактілері облыс прокуратурасына мына телефондар бойынша: 8 (7232) 24-84-74, 8 775-197-13-22 хабарлауға болады.

Дәрі-дәрмектерді белгіленген шекті бағадан негізсіз жоғары бағада сату жөнінде өз шағымдарыңызды«Dari.kz» мобильді қосымша арқылы жолдауға болады.

Дәріханаларда дәрі-дәрмектерді сатып алу кезінде төлем түбіртегін сақтау қажет, олар болашақта мобильді топ мүшелеріне ұсынылады.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы