Наурыздың 31 күні Шығыс Қазақстан облысы прокурасында «Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде ҚР білім беру, денсаулық сақтау, өрт қауіпсіздігі жөнінде заңнаманың қолданылуына жүргізілген тексеру нәтижелері атты алқа отырысы өтті

04 сәуiр 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мектепке дейінгі балалық шақ – баланың әрі қарай дамуын айқындайтын  маңызды кезең. Осымен қатар, мектепке дейінгі білім беру саласында білім беру саясатының басты мақсаты - әрбір баланың  сапалы және қол жетімді білім алу құқығын жүзеге асыру болып табылады, ол баланың толыққанды дене және психикалық даумы үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді. 

Осымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының прокуратура органдары облыс әкімдігімен бірлесіп жүүргізген тексеру нәтижелері мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде  балалардың мемлекет кепілдеген құқықтарының бұзушылықтары жиі орын алатынын анықтады. 

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде прокурорлық тексерулермен барлығы 690 бұзушылықтарды анықтады. 77 прокурорлық қадағалау актілері енгізілді, оның ішінде, 66 заң бұзушылықтар туралы ұсыныс, 4 наразылық, 2 әкімшілік және 5 тәртіптік өнідіріс қозғалды.

Прокурорлық ықпал ету шараларымен  тәртіптік жауаптылыққа 20 тұлға, әкімшілік жауаптылыққа  - 88 тұлға тартылды,  сегіз мыңнан астам баланың құқықтары қорғалды, 7 тұлғаға қатысты ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талаптарына сәйкес тәртіптік жауаптылыққа тарту мәселесі қойылды.

Осы бағытта ең өзекті мәселе  - балаларды мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне орналастыру, орындармен қамтамасыз ету болып табылады.

Облыстың мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балаларға орын жетіспеу 15 933 санын құрайды. Атап өту қажет, әсіресе Семей қаласында орын жетіспеушілік жиі кездеседі, атап айтқанда,жалпы көлемнен 60,2 % құрайды, ал, өскемен қаласында осы көрсеткіш 5 есе аз (597 орынға) және - 2047 орын немесе  12,8% құрайды, Риддер қаласында - 1224  немесе 7,7%, ал, Зырян ауданында - 920 или 5,8% құрайды.

Осымен қатар, Семей қаласында 2013 жылы бір де бір мектепке дейінгі білім беру мекемесі салынбаған, осы жылы да жаңа құрылыс қарастырылмаған.

Жүргізілген тексерулер балаларды мектепке дейінгі мекемелерге орнатылған кезекті сақтамай орналастыру бұзушылықтары анықталды.

Мысалы, 2013 ж. Семей қаласының мектепке дейінгі мекемелеріне кезектен тыс 1100 бала орналастырылған, ал, кезекте тұрған  898 бала әлі күнге дейін балалар бақшасына орналастырылмаған.

  Осы тектес фактілері Риддер, Курчатов қалаларында, Шемонаиха, Күршім, Көкпекті, Жарма, Зырян, Бесқарағай, Зайсан аудандарында да жиі кездеседі.  

Мектепке дейінгі жастағы балаларды (7 жасқа дейін) кезекке қою бойынша мемлекеттік қызметтің талап етілетініне қарамастан, мектепке дейінгі ұйымдарға жолдау үшін ауыл округтерінің әкімдері және Күршім, Аягөз аудандары ауылдарының әкімдері осындай көмекті халыққа көрсетпейді.

Мысалы, Күршім ауданының ауылдық округтерінің әкімдері аталған мемлекеттік қызметті  ауыл окургтерінің әкімдік аппаратының орнына мектеп директорлары мен бала бақшалардың меңгерушілері көрсетеді. Аягөз ауданының Ақтоғай ауылдық әкімінің Аппараты балаларды кезекке мүлде қоймаған, нәтижесінде, 17 баланың аудандық мектепке дейінгі білім беру мекемесіне орналасу және орынмен қамтамасыз ету құқықтарына нұқсан келтірілген. 

Бұдан да басқа, Өскемен қаласының мектепке дейінгі білім беру мемлекеттік мекемелерінде  балалардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен алынатын ай сайынғы ақы мөлшеріне Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарпастырылмаған шығындарды енгізу фактілері анықталған.

Мысалы, Өскемен қалалық білім беру бөлімі бастығының бұйрығымен 2011 жылдың 1 қыркүйегінен бастап  тамақтануды есептемегенде,  ай сайынғы ақысына  санитарлық-гигиеналық нормалар мен топтардағы балалардың творчестволық бастамасының қолдауын қамтамасыз ету үшін материалдарды сатып алу шығындары, бала бақшаларда болған уақытында қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кәсіпорындардың үлгідегі штатына енбеген штаттарына ақы төлеу шығындары  енгізіліген, оның бағасы  1500 теңге құраған,  бұл ҚР Үкіметінің 17.05.2013 ж. Қаулысымен бекітілген сәйкес үлгідегі білім беру ұйымдары қызметі туралы Ережелерінің 14 бөлігінің (әрі қарай- Ережелер) бұзушылығы болып табылады.

 Өскемен қаласының шағын орталықтарында қосымша заттар (стендтер, перделер және т.б.) сатып алу, күзету үшін ақшалай қаражаты заңсыз жинау фактілері орын алған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.01.2008 ж. № 77 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің Үлгідегі штаты мен педагогикалық қызметкерлер лауазымдарының тізімі мен оған теңестірілген қызметкерлердің Үлгідегі штатына сәйкес, мектептерде вахтердің штаты қарастырылған, Қала мектептерінде кәмелетке толмағандардың істері бойынша инспекторлар бекітілген.

Алайда, №15 орта мектебінің шағын орталығында ай сайын  ата-аналардан «Аламат» ТОО күзетіне 150 теңге ақшалай қаражат және «ата-аналардың бастамасы» түрінде мектепке қосымша заттар сатып алынатыны анықталды, мұны ата-аналардың көптеген шағымдары көрсетеді. Осымен қатар, күзетшілер күндізгі уақытта  вахтерлермен қатар жүұмыс істейді, яғни, вахтердің жұмысын қайталайды.

Тағды да бір өзекті мәселе – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын ойыншықтармен, жихазбен, балалардың санитарлық және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті құралдармен жабдықтау болып табылады.

Прокуратурамен анықталғаны, ҚР білім беру және ғылым Министрлігінің 07.03.2012 ж № 97 бұйрығымен бекітілген  мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын жихазбен және құралдармен жабдықтау нормаларының сақталмайтынын көрсетті,

Мысалы, Күршім ауданының «Болашақ» бала бақшасында ойыншықтар тек 2012 жылы, бала бақша ашылғанда 140 000 теңгеге  сатып алынған,  Теректі ауылындағы бала бақшаға ойыншықтарды сатып алу үшін 2006 жылдан бастап небәрі 394 000 теңге бөлінген. Сөйтіп, бала бақшаларды жихазбен, ойыншықтармен, құралдармен жабдықтау деңгейі  15-20 % құраған. Облыс бойынша тұтас алғанда, жағдай осы тектес: егер аудандардағы мектепке дейінгі білім беру мекемелерін жабдықтау 40-50%  құраса, қала мекемелерінде – 50-60% құрайды. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын жабдықтаудың төмен деңгейі - мектепке дейінгі мекемелердің басшылары мен әкімдердің бюджетті лайықты жоспарламауы болып табылады. Ал, бұл, өз кезегімен ата-аналардан заңсыз ақшалай қаражат жинау себебі болып табылады және мектепке дейінгі білі беру сапасына кері әсерін тигізеді.

 Тексеру барысында денсаулық сақтау заңының, оның ішінде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық берекеті туралы заңнамалар бұзушылықтарының орын алғаны анықталды.

 Анықталғандай, Катон-Қарағай ауданының Катон-Карагайского района «Балауса»,  «Күншуақ», «Еркетай» бала бақшалырының медициналық кабинеттерінде медициналық қызметпен айналысу лицензиялары болмаған.

Күршім ауданында жұмыс істейтін 1 бала бақшада, 18 шағын орталықта, Катон-Қарағай ауданының 1 шағын орталығында мектепке дейінгі білім берумен айналысуға рұқсат беретін лицензиялары мүлде болмаған.

  ҚР Үкіметінің 30.12.2011 ж № 1684 Қаулысымен бекітілген  Жасөспірімдер мен балаларды тәрбиелеу және білім беру объектілерінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың 164 бабына сәйкес,  Семей қ., Катон-Карағай, Аягөз,  Зайсан аудандарының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында температуралық режим сақталмайды,  

Мысалы, оқыту бөлмелерінде жатын бөлмелерде жылу маусымы мерзімінде ауаның температурасы  Цельсий бойынша +18 – 22 градус қарастырылған, алайда, Семей қаласының №13 «Солнышко» бала бақшасының жатын бөлмесінде тексеру кезінде температурасы 140 С , ойын бөлмесінде 170 С  құраған.

Тағы да бір өзекті мәселеге тоқталып өту қажет – мектепке дейінгі мекемелердеге топтардың топтасуы. Мысалы, Өскемен, Семей қалаларында, Шемонаиха, Зайсан аудандарының мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде топтардың топтасуы қойылған талаптарға сай келмейді.  Белгіленген норма – топтарда 25 бала болуы тиіс болғанда, нақты 30 және одан да көп бала болған, бұл, санитарлық нормаларға сай келмейді және балалардың жұқпалы аурулармен науқастануына себеп болады.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу