Прокуратураның араласуымен Шығыс Қазақстан облысында мүгедектер отбасына пәтер берілді

23 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Прокуратураның араласуымен Шығыс Қазақстан облысында  мүгедектер отбасына пәтер берілді - 950966432

 

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, халықтың әлеуметтік-қауқарсыз тобын қолдау, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай ауданының прокуратурасы бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды.

Атап айтқанда, мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсетуін реттейтін заңнаманың сақталуына талдау жүргізіліп, нәтижелері бойынша уәкілетті органдардың қызметінде көптеген бұзушылықтар анықталды. Аудан әкімінің атына қадағалау актілері енгізіліп, 12 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылған.

Ықпал ету шараларымен ұзақ уақыт тозығы жеткен үйде тұрып жатқан мүгедектің отбасына қолайлы пәтер берілді. Сондай-ақ, үш мүгедек баласы бар жалғызбасты әйелдің үйі күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңа ноутбук сыйға тартылды.

Аудан прокуратурасының бастамасымен, мүгедек балалар мен олардың ата-аналарының қатысуымен «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық концерті өткізілді. Сонымен қатар, жергілікті мектеп оқушыларының қолынан шыққан бұйымдардың жәрмеңкесі өткізіліп, сатылған бұйымдардан түскен қаражат мұқтаж отбасыларға таратылды. Мүмкіндігі шектеулі балалардың барлығы сыйлық пен назардан тыс қалмады.

Бұдан да басқа, аудандық мәдениет үйінде 19 команда құрамында 200 астам бала қатысқан «Заң мен бала» іс-шарасы шеңберінде «Көше билері» атты профилактикалық іс-шара өткізілді. Қатысушылар арасында заң бұзған жасөспірімдер де болды. Барлық командаларға жүлделер, ал, ең үздіктеріне – грамоталар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу