«Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ-нің ұжымы Семей қаласының прокуратурасына алғыс білдірді

19 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
 «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ-нің ұжымы Семей қаласының прокуратурасына алғыс білдірді - 14405036
Облыс прокурорының атына «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ-нен мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қорғау жөнінде Семей қаласының прокуратурасының нәтижелі жұмысы үшін ұжымдық алғыс хаты түсті.

Хатта қала прокуратурасының бөлім бастығы Қаныш Матаев пен бөлім прокуроры Әдемі Жұмажанованың кәсібилігі мен елеулі үлесі туралы айтылған.

Ұзақ уақыт психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қызметін көрсететін ұйымның жеке ғимараты болмаған. Олар есту қабілеті нашар балаларға арналған мектеп-интернаттың үш кабинетінде уақтыша  отырған болатын. Ал, КММ жыл сайын  Семей, Курчатов қалалары мен Абай ауданынан 95 мыңнан астам балаларға қызмет көрсетеді.

Прокуратураның араласуынан кейін жеке ғимарат беру мәселесі оңды шешіліп, қазіргі кезде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу