Семей қаласындағы ұн құрама комбикорм комбинатындағы жарылыс фактісі бойынша

15 мамыр 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Осы жылдың 14 мамырында сағат 11.00-де Семей қаласында «Семей ұн құрама комибикорм комбинаты» АҚ-да жарылыс болды, нәтижесінде 8 адам зардап шекті. Оқиға болған жерге өртке қарсы қызмет, жедел жәрдем каретасы, Семей қаласы прокурорының міндетін атқарушы М.Турубаев, прокуратура қызметкерлері барды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Алдын ала мәліметтер бойынша осы жылдың 14 мамырында  сағат 9.00-де мердігерлік ұйым «Востоксемремонт» ЖШС-нің 8  жұмысшысы «40 000 элеватордың силос мұнарасының» 4 қабатында кесу жұмыстарын жүргізген, түпті кескен кезде бидай шаңы мен бидайдың қалдықтары газ-ауа қоспасын құрап, нәтижесінде  осы бункерде жарылыс болды. Нәтижесінде 8 жұмысшы әр түрлі деңгейде дене жарақаттарын алды, 6 ауруханаға жеткізілді, оның төртеуінің өміріне қауіп төнген, сүйектері сынып, денесінің 10,40,70 пайызы күйген. Олар жан сақтаандыру бөлімінде ауыр халде жатыр, ал екеуі орта деңгейдегі ауыр халде.

Өртті оқшаулау үшін оқиға орнына өртке қарсы қызметтің 3 машинасы, 70 өрт сөндіруші, 3 жедел жәрдем бригадасы барды.

Өрт сағат 13.13-те өшірілді. Оқиға болған жерде Семей қаласының төтенше жағдайлар Басқармасының қызметкерлері жұмыстарын жалғастыруда.  

Бұдан да басқа, оқиға орнына Семей қаласы прокуратурасының басшылығы, ШҚО ІІД бастығы Р.Т.Жакупов, Семей қаласының ҰҚКД басшылығы, Семей қаласының ІІБ қызметкерлері барды.

Осы оқиға полция органында тіркелді, қазіргі кезде алдын ала тексеру жүргізілуде, нәтижелері бойынша ҚР ҚК-нің 152 бабында қарастырылған (еңбек қорғау ережелерін бұзу) қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылданатын болады.

Сондай-ақ облыс прокуратура органдары зардап шеккендерге өтемақы төлеу мәселесін бақылауға алады

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу