Шемонаиха ауданында прокурорлық ықпал ету шараларымен екі қала тұрғыны өз жұмыстарына қайта орналастырылды

06 қазан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шемонаиха қаласының колледжіне оқытушы мен қызметтік бөлмелерді жинастырушы қайта өз жұмыстарын орналастырылды. Қызметші денсаулығының жағдайына байланысты, ал, оқытушы аттестация нәтижелері бойынша жұмыстан босатылған. Оқу мекемесінің қызметшілері өздерінің құқықтарын қорғау үшін аудандық сотқа жүгінген. Сот олардың талаптарын қанағаттандырмаған. Ал, прокуратура, соттың шешімімен келіспей, апелляциялық наразылық келтіріп, нәтижесінде олардың талап-арыздары қанағаттандырылды 

Атап айтқанда, дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысына сәйкес, жинастырушыға тек қана үш ай бойы ауыр дене еңбегімен айналысуға тыйым салынған, ал, колледждің оқытушысын аттестациялық комиссияның алдын ала отырысын өткізбей жұмыстан босатқан. Бұл қолданыстағы заңнаманың өрескел бұзушылығы болып табылады. 
Анықталған заң бұзушылықтар бойынша «ШҚО білім беру Басқармасы» ММ-не атына тиісті шаралар қабылдау үшін жеке қаулы шығарылған.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу