Шемонаиха ауданының прокуратурасы «Ресоциализация: Сен қоғамға керексің» жобасын жүзеге асыруын жалғастыруда

25 қазан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шемонаиха ауданының прокуратурасы дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлесіп, «Ресоциализация: Сен қоғамға керексің» жобасын жүзеге асыру шеңберінде ОВ 156/6 түзеу мекемесінде спартакиада өткізді.

Сотталғандар шағын футбол, үстел теннисі және волейболдан өткен жарыстарға қатысты.

Шемонаиха ауданының прокуроры Александр Акулов спартакиаданы аша отырып, осындай шаралар сотталғандардың қайта тәрбиелеуіне зор әсер ететінін, әлеуметтік қажетті қасиеттерін қалыптастыратынын, адамның өз  мәртебесін, қайсарлығын, намысын, жеңіске деген құштарлығы мен қарсыласына сыйлыстықты арттыратынын атап өтті.

Шағын футбол жарысына  9 адамнан құрылған 10 команда қатысты. Бір құрама команда түзеу мекемесінің қызметкерлерінен құрылды. Волейболдан жарысқа 4 команда, ал үстел теннисі бойынша 10 команда қатысты.   

Жарыс қорытындылары бойынша Шемонаиха ауданының прокуроры салтанатты түрде барлық жеңімпаздарды кубоктармен, дипломдар мен жүлделермен марапаттады.

Командалық спорт түрлеріндегі номинациялар бойынша сотталғандар марапат ретінде туыстарымен скайп арқылы жүздесіп, жеке карточаларына мадақтаулар енгізілді.

Шемонаиха ауданының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу