ШҚО прокуратурасы 2012-2013 жылдары аралығында жануарлар әлемін қорғау және пайдалану мәселелері бойынша тиісті уәкілетті органдардың қызметіне тексеру жүргізді.

22 қараша 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 2012-2013 жылдары аралығында жануарлар әлемін қорғау және пайдалану мәселелері бойынша тиісті уәкілетті органдардың қызметіне тексеру жүргізді. 

         Тексеру барысында қазіргі уақытта жануарлар санының күрт азайғаны анықталып отыр. Оған басты себеп мемлекеттік уәкілетті органдар тарапынан заң бұзушылықтарға жол берілуі, аңшылардың келісімшарттық міндеттерін бақылаусыз қалдырулары.

Облыс прокурорының жеке бастамасымен аң аулау аумақтары жағдайларын, Қызыл кітапқа енгізілген құстардың санын және түрлерін анықтау үшін облыс аумақтарына арнайы мамандар, орнитологтар мен уәкілетті органдар өкілдері барды.

Жүргізілген бақылаулар мен есептер, құстардың ұя салу кезіндегі, топтасып үйірге жиналып ұшуында ауытқушылық барын байқатты. Мысалы, құстар балапан басу кезеңінде үйректер көбеюге қатыспаған.

Мамандар-орнитологтар үстіміздегі жылдың мамыр және қазан айларының аралығында ірі сұңқар-балабан және сапсандардың популяциясы бойынша жүргізілген тексеру барысында облыстың оңтүстігінде балабан сұңқарының 3 ұясы, Бұқтырма алқабында сапсан құсының 1 ұясы анықталды. Осыдан 10 жыл бұрын сұңқарлардың ұяларының саны 50-ден астам болған.

Тәжірибелі зоологтар ғана емес, қарапайым адамдар да аса қорғалатын қорықтар мен аумақтардан тыс жерлерде, осыдан 20-30 жылдарға қарағанда, жабайы аңдар мен құстардың елеулі азайғанын байқаған.  

Соңғы үш жыл ішінде Шығыс Қазақстанның аң аулау аумақтарында суырдың саны 157 мыңнан 125 мыңға дейін, тиіндердің 21 мыңнан 14,5 мыңға дейін, солонгой 5 мыңнан 2,4 мыңға дейін, мекиен бөдененің 58 мыңнан 48 мыңға дейін, кекілік 6 мыңнан 3 мыңға дейін азайғаны тексеру кезінде анықталды. Бұл жануарлар бағалы жануарлар түріне жатады.

Осы жылы өткен жылмен салыстырғанда сібір  елігінің саны 16,2 мыңнан  14 мыңға дейін, қояндардың саны 76 мыңнан 69 мыңға дейін, түлкілердің саны 17 мыңнан 15 мыңға дейін, күзеннің саны 14 мыңнан 12 мыңға дейін, борсықтың саны 13 мыңнан 11 мыңға дейін, ақкістің саны 4 мыңнан  2,4 мыңға дейін, құндыздың саны 3 мыңнан 1,5 мыңға дейін, маралдардың саны 3,9 мыңнан 3,7 мыңға дейін, құрдың саны 57 мыңнан 45 мыңға дейін,  құрдың 76 мыңнан 69 мыңға дейін,  қырғауылдың саны 4,7 мыңнан 1,9 мыңға дейін, орман кептерінің саны 32 мыңнан 11 мыңға дейін азайған.

Шығыс Қазақстан облыстық аңшылар және балықшылар қоғамдық бірлестігіне (әрі қарай – Қоғамдық бірлестік) 19 аң шаруашылығы бекітілген, оның аумағы 21 миллион гектар. Көлемі жағынан облыстық аң  аулау аумағының жалпы 90 пайызын құрайды. Алайда, қоғамдық бірлестік аң шаруашылығын жүргізу барысында келісілген шарт талаптарын сақтамай, табиғат қорғау заңнамасын бұзған.

Атап айтқанда, бекітілген жерлерде фенологиялық байқау журналдары мен тексеру күнделіктері жүргізілмейді, орманшыларда учаскелердің карта-схемалары жоқ, жануарлар дүниесін тұрақты пайдалану және қорғау идеялары насихатталмаған. Аншлагтар мен баннерлер заңнаммен бектілген стандарттарға сәйкес емес, көбі қолдан жасалған, бүлінген, сандары аз. Жануарлар әлемін есепке алуды өткізу кезінде белгіленген мерзімдері сақталмайды. Мысалы, аюдың санын есепке алу 1 ақпаннан 31 наурызға дейін өткізілуі тиіс. Осы жылы Глубокое аудандық қоғамдық бірлестігі аталған есепті сәуірдің 5-7 аралығында жүргізген. Осындай келеңсіздіктер Глубокое және Бородулиха аудандық бірлестіктерінде суда жүзетін құстар мен ондатрлардың санын есепке алу кезінде қайталанып отыр. Тарбағатай ауданының аң аулау аумақтарында жануарлар әлемін есепке алу 2011 жылдан бері жүргізілмеген. Осы фактілер облыстың басқа аумақтарында да орын алған.

Есепке алуға және есеп жүргізуге қатысты жұмыстардың жүрмеуіне арнайы аң шаруашылығы мамандарының аздығы әсер етуде. Қоғамдық бірлестіктердің 17 аңшысының 5-де ғана тиісті білімі бар. Есепке алу міндеті жүктелген мамандар есеп жүргізу әдістерін мүлде білмейді.

Қаралатын мәселелердің ең өзектісі орманшы қызметтерінің тиісті түрде жабдықталмағаны.

Қоғамдық бірлестіктерге 21 миллион гектар қорғалатын аумақта бекітілгенін есепке алатын болсақ, қолданыстағы заңнамаға сәйкес 731 орманшы жұмыс істеуі тиіс.

Алайда, Қоғамдық бірлесіктерде тек қана 191 орманшы тіркелген, олардың 143 штаттан тыс, еңбекақысыз қызмет істейтін, мемлекеттік ұйымдар мен коммерциялық кәсіпорындардың жұмысшы, қызметкерлері.

Мысалы, Күршім аудандық аңшылар мен балықшылардың қоғамдық бірлестігінің аңшысы Қалғұтты ауыл округінің әкімі, тағы бірі әскери бөлімде жұмыс істейді.

Сол сияқты, Семей қалалық аңшылар және балықшылар қоғамдық бірлестігінің орманшысы «Семей қалалық наркологиялық диспансері» ММ-нің қызметкері, келесі орманшысы Семей қаласынан тыс жерде, Өскемен қаласында, Шығыс Қазақстан Техникалық Университетінде қызмет атқарады.

Аталған жағдайларда, штаттан тыс орманшылар жануарлар әлемін тиісті қорғауды қамтамасыз ете алмайды. Қоғамдық Бірлестік тек бір мақсатты–уәкілетті органдардың алдында есеп беру үшін орманшылардың штатын жасанды түрде көбейтуді көздейді. 

Заң бұзушылықтардың анықталмау себебі, заңмен жануарлар әлемін қорғауға міндетті орманшылардың қажетті штат санының болмауы.

Қоғамдық Бірлестік жануарлар әлемін қорғауға міндетті, жануарлардың азаймауын, олардың тұрақты көбейуін қолдап жұмыс жүргізуі керек.

Алайда, тексеру жұмыстары еліктің 1,4 мыңға дейін, қояндардың 6 мыңға дейін азайғанын, 2,6 мыңнан астам қырғаулдың, 1,2 мыңдай түлкілер мен басқа жануарлардың елеулі түрде азайғанын көрсетеді.

Аталған заң бұзушылықтарға Шығыс Қазақстан облысының аумақтық орман және аң шаруашылығы инспекциясының (әрі қарай-Инспекция) тарапынан аң пайдаланушылар әрекеттеріне тиісті мемлекеттік бақылаудың жоқтығы себеп болды.

Бар мәліметтердің шынайлығын тексеру мақсатында, аңшылардың Қазақстан Республикасының аумағында жануарлардың түрін есепке алу бойынша Нұсқаулығына сәйкес, уәкілетті органдардың ведомстволары жануарлар түрін бақылау және есепке алуды ұйымдастыру керек.

Алайда, Инспекция бұл жұмысты мүлде өткізбей, жыл сайын беретін есептерінде аумақтағы омыртқалы жануарлардың фаунасын жеткілікті түрде зерделемеген. Олардың саны мен таралуы туралы мәліметтер баяу толтырылады, жануарлардың көптеген түрлерін қорғау қажет, осыған байланысты тұрақты түрде жануарлардың сирек түрлеріне мониторинг жүргізу керек. Себебі олар  бағалы генофонд құрайды және биогеноценозда маңызды рөл атқарады, оны болашақта селекцияда және жануарлар түрлерін молықтыру үшін пайдалануы мүмкін. Инспекциямен бұл жұмыстарда атқарылмаған. 

Аңшылық шаруашылығы субъектілері болып табылатын жануарлар түрін алу үшін квотаны бөлу Тәртібінің 12 тармағына сәйкес, аң шаруашылығы субъектілерінің арасында, олармен міндеттерін бұзған кезде жануарлар түрлерін аулау квотасы бөлінбейді.

Алайда, осы нормалардың талаптарына қарама-қайшы, 2011-2012 жылдарға арналған квота 2010 және 2011 жылдарда келісімшарттық міндеттерді орындамаған  барлық аң шаруашалықтарына берілген.

Инспекция және аң пайдаланушылардың мәліметтерін талдау барысында 9 аң шаруашылығына бекітілген 10 аң аулау аумағында, шаруашылық жүргізу және дамыту жоспарындағы шараларды толық орындамайтыны анықталды.

Атап өту керек, аң шаруашылығын жүргізу үшін келісімшарт талаптарын, дамыту жоспарын орындау, аң аулау аумақтарын жүргізу аса күрделі емес. Оны аң пайдаланушылардың Инспекцияға тоқсан сайын табыстайын есептік мәліметтерін өткізу және талдау арқылы жүзеге асыру мүмкін. Олардың қызметіне араласу және аумақтарға нақты бару қажет емес, тек нәтижелері бойынша мемлекеттік бақылау шаралары қолданылуы тиіс. Алайда, осы жұмысты Инспекцияның лауазымды тұлғалары жүргізбеген.

Тексеру нәтижелері бойынша аң пайдаланушылардың тарапынан болған өрескел бұзушылықтар тексеру актілерінде көрсетілмейтіні анықталды.

2012 жылы Инспекция табиғат қорғау заңнамасын қолдану бөлігінде «Үлбі» аң шаруашылығының қ/ш «Абдрахманов» аңшысының қызметін тексеру барысында, бұқаралық ақпарат құралдарымен  жұмысты жүргізбегенін, панно орнатпағанын, аңшының үйінің жоқтығы, жолдардың жөнделмеуі, ақшалай қаражатты игеру бөлігінде келісімшарттық міндеттерді орындамау сияқты кемшіліктерді жасырып актыда көрсетпеген.

Орман және аң шаруашылығы Комитетіне аңшылардың келісімшарт міндеттерін орындағаны туралы жалған мәліметтер берілген.

2011 жылы уәкілетті және құқық қорғау органдары аң аулау ережелерінің 357 бұзушылықтарын анықтаса, Инспекция тек 30 бұзушылық анықтаған. 2012 жылы Инспекция 9 бұзушылықты анықтаған, олардың жалпы саны 236. Осы жылдың 9 айында бұзушылықтар анықталмаған.

Жануарлар әлемін қорғау саласында негізгі жұмысты орман және аң шаруашылығының жедел ықпал ету Жасағы жүргізеді.

Табиғат қорғау полициясының қызметтік негізгі міндеті – аң аулау ережелерінің бұзушылықтарын, жануарлар және өсімдіктер әлемін қорғау саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтау және жолын кесу болып табылады.

Облыстың құқық қорғау органдары 2011 жылы -108, 2012 жылы -78, 2013 жылдың 9 айының ішінде – 64 бұзушылықты анықтаған. Олар тек қана уәкілетті органдар анықтаған бұзушылықтарды тіркеумен және олар бойынша процессуалдық әрекеттерді жүргізумен шектелген.

2012 жылдың 24 сәуірінде Бесқарағай аудандың ішкі істер полициясының 2 қызметкері Беген аулдық округінің аумағында Ерназар ауылының 3 тұрғынын ұстаған, олардың автокөлігінде маралдың тұтас еті табылған, келтірілген залал 323 600 теңге.

2012 жылдың 27 сәуірінде аталмыш тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғалмаған (келтірілген залалдың мөлшері 300 АЕК аспауы себебінен), оларға қатысты заңсыз аң аулау фактісі бойынша хаттама толтырылған (ҚР ӘҚБтК-нің 298 бабы. 2-1 бөлігі). Соттың 2012 жыл 29 мамырдағы ұйғарымымен әкімшілік іс кемшіліктерді жою үшін қайтарылған.  

Алайда, Бесқарағай аудандық прокуратурасының тексеруі көрсеткендей, өндіріс созбалаңға салынып, материал аудандық полиция бөлімінде 1 жылдан аса уақыт жатқан.Кейін прокуратураның араласуымен әкімшілік материал сотқа қайталап қарау үшін жолданған. Алайда, әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы өндірістің қарау мерзімінің өтуіне байланысты қысқартылып, кінәлі тұлғалар жасаған құқық бұзушылықтары үшін заңмен орнатылған жауаптылықтан босатылған.  

2013 жылдың 27 тамызында аудан прокуратурасы осы факт бойынша Бесқарағай АІІБ-нің аға инспекторы Тлеубековқа қатысты тәртіптік өндіріс қозғап, Бесқарағай АІІБ бастығының бұйрығымен Тлеубеков тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Уәкілетті орган заңсыз аң аулаумен келтірілген залалды өндіру бойынша уақтылы шараларды қабылдамағандықтан Бесқарағай ауданының прокуратурасы сотқа мемлекет мүддесінде кінәлі тұлғалардан залалды өндіру туралы берген талап-арызы 2013 жылдың 14 қарашасында толық қанағаттандырылды.

Қазақстан Республикасының жануарлар әлемін мемлекеттік қорғау туралы Ережесі мен Қазақстан Республикасының «Жануарлар әлемін молықтыру, қорғау және пайдалану туралы» Заңының талаптарына сәйкес, жануарлар әлемін мемлекеттік қорғаудың негізгі міндеттері - жануарлар әлемі объектілерін қорғау, молықтыру және пайдалану идеяларын насихаттау, азаматтардың жануарларға деген ізгілік көзқарасын қалыптастыру және тәрбилеу, жануарларды аялау болып табылады.

Анықталған бұзушылықтар бойынша 9 кінәлі тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды, аң және  орман шаруашылығы Комитетінің, Инспекцияның атына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу