ШҚО прокуратурасы қолданған шараларымен 3,5 мың балаға алимент төленуде

30 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
ШҚО прокуратурасы қолданған шараларымен 3,5 мың балаға алимент төленуде - 406680354

 

Алименттерді төлеу мәселесі Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының тұрақты бақылауында. Берешектердің сомасын төмендету мақсатында борышкерлермен түсіндіру және шектеу сипатындағы жан-жақты жұмыс жүргізілуде, профилактикалық шаралар қолданылуда, балалардың ата-аналары жұмысқа орналастырылуда.

Қазіргі кезде облыстың барлық аумақтарында жұмыс топтары құрылған. Оның құрамына құқық қорғау, прокуратура органдарының қызметкерлері, сот орындаушылары мен басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері кірген. Осы жылы бірлескен жұмыс пен тығыз ынтымақтақтастық және қолданылған шаралар арқылы жалпы сомасы 130 млн.теңге көлемінде берешектер өндірілген. 3,5 бала өздерінің ата-аналарынан ай сайын заңды төлемдерді алуда.

Облыстың 528 тұрғыны жұмыссыз ретіне есепке қойылған, олардың 166 жұмысқа орналастырылып, курстарға және қайта оқытуға жіберілген. Алимент төлеуден қасақана жалтарғандарға қатысты қатаң шаралар қолданылуда.

Жылдың басынан бастап, кәмелетке толмағандарды асырау міндеттерін орындамағаны үшін 116 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды, олардың 107- қамауға алынып, 9 - айыппұл төлеген

Сондай-ақ, 29 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды. 22 тұлғаға қатысты бас бостандығынан шектеу түрінде жаза қолданылып, жәбірленушілермен татуласуына байланысты 7 борышкерге қатысты істер тоқтатылды. 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу