ШҚО Прокуратурасы ұрлықтың алдын алу үшін қолданылып жатқан шараларды баяндады.

23 қазан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
ШҚО  Прокуратурасы ұрлықтың алдын алу үшін қолданылып жатқан шараларды баяндады. - 675593719

Аумақтағы ұрлықтың төмендеуі үшін ШҚО Прокуратурасы жүргізіліп жатқан қарқынды жұмысын жалғастыруда. Қадағалау ведомоствосының басшысы Құсайын Игембаевтың төрағалық етуімен өткен Үйлестiру Кеңесiнің отырысында ұрлықтың себептері мен шарттары талқыланды, алдын алу шаралары туралы сөз қозғалды және нақты ұсыныстар әзірленді.

Аталмыш отырысқа облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, АҚ «Казақтелеком» және АҚ «Казагромаркетинг» филиалдарының басшылықтары қатысты.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2017 жылдың 9 айының қорытындысы өткен жылдың нақ осындай кезеңімен салыстырғанда қылмыстықтық құқық бұзушылықтың 14,3%-ға (22548-нан 19316-ға дейін), оның ішінде ұрлықтың 2,3%-ға (11818-ден 11550-не дейін) азайғандығы байқалады.

«Облыстағы әрбір екінші қылмыстықтық құқық бұзушылық – ол бөтеннің мүлкін ұрлау болып табылады. Көбінесе ұялы телефондарды, көлік құралдарды, түсті металлдарды, малдарды ұрлайды, пәтер ұрлықтарының және қалта ұрлықтарының көбейіп жатқанын – 1-ші басқарма басшысының м.а. Қайрат Алтынбекұлы өз баяндамасында айтып берді. - Ашық жатқанның түгел дерлігін ұрлайды. Құққықа қол сұғылған зат ретінде ыдыс-аяқтар, тұрмыстық құрал-саймандар, қоймада және саяжайда сақталған ешкімге керек емес заттар жиі кездеседі. Бұл ретте, ұрлықтың себептері әлеуметтік-экономикалық және жұмыссыздық мәселелерін шешпеу ғана емес, сонымен қатар заманауи қауіпсіздік жүйесінің жеткіліксіздігі және де азаматтардың өздерінің виктімдік әрекеттері болып табылады.»       

Прокуратураның талдауына сәйкес аталмыш құқық бұзушылыққа ең алдымен жұмыссыздар барады (93%). 671 құқық бұзушы ұрлықты топпен жасады, 521 – алкогольден масаң күйде жасады. 3926 адам немесе ұрлық жасағандардың жалпы санының 74,2%-ы бұрын қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдар.

Аталған қылмыс түріне байланысты жағдайды жақсарту үшін облыста Бас Прокуратураның «Ұрлыққа жол жоқ» жобасы жүзеге асырылып жатыр. 

Ұрлықты ескерту жұмыстары негізгі 3 бағытта жүргізіліп жатыр: жеке және әлеуметтік алдын-алу, ақпараттық үгіттеу және де елді мекендерде бейне бақылау орнату. 

Әлеуметтік алдын-алу шаралары аясында жергілікті атқару органдарымен 111 түзету колонияларынан босап шыққандар және 219 пробация қызметінде тіркеуде тұрғандар жұмыспен қамтылды. 73 адам оқуға жіберілді, 35 адамға біржолғы жәрдемақы берілді. Жобаның жүзеге асырылып жатқан кезеңінде елді мекендерде 1773 бейне камералар орнатылды.  

Бұдан басқа, білім басқармасымен бірге жасалған облыстағы барлық мектептерде ұялы телефондарға тыйым салу жұмыстары аяқталды. 659 мектептің 579-не аталмыш тыйым ата-аналардың келісімдерімен енгізілді. Бастауыш мектеп болғандықтан немесе оқу ордасының аумағында ұялы желілері тартпағандықтан 80 мектепте жоғарыдағыдай тыйым қажеттілігі туындамады.    

Мал ұрлығын алдын алу бойынша тіркеу фактілері 4,3 %-ға азайғандығы байқалады.  Ветеринария басқармасымен бірлесіп, аймақтарда жедел малдарды сәйкестендіру топтарын үйлестіру жұмыстары аяқталды, ауылдық округтер бойынша кестелер құрастырып, топтар жұмысқа кірісіп кетті. «Малдарға айып тұрақтарын» ұйымдастыру бойынша жұмыстар аяқталды. Жергілікті әкімдіктер мен ЖПҚ-не тиісті нұсқаулар жіберілді. Облыста ауылшаруашылық жануарларын уақытша ұстау орындарын құру бойынша 181  келісім-шарттар жасалды, оларды сынақтан өткізу жұмыстары жүріп жатыр.

Түйіндей келе, облыс прокуроры ұрлықтың төмендеуіне, оның ішінде басқа аумақтардың тәжірибесін және мемлекет пен жеке меншік серіктестік қабілетін пайдалана отырып, барлық кешенді шаралар қолдану керектігін атап өтті.

Үйлестiру Кеңесі отырысының қорытындысында, жақын арада құқық қорғау органдары мен мүдделі мемлекеттік органдар жүзеге асыруға кірісетін нақты ұсыныстар әзірленді. 

Шығыс Қазақстан облысының Прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу