ШҚО прокуратурасы жалған еңбек келісімшарттарын жасау фактілерін анықтады

07 наурыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
ШҚО прокуратурасы жалған еңбек келісімшарттарын жасау фактілерін анықтады - 273450670

 

 

Облыс прокуратурасы еңбек заңнамасын сақтау саласында, сондай-ақ, соттардың жалақы бойынша берешектерін өндіру туралы актілерін шығару кезінде заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізді. Нәтижесінде өндіруші мен борышкер арасында жалған еңбек келісімшарттары жасалғаны анықталды.

Атап айтқанда, Өскемен қаласының бір кәсіпорнының басшысы жалақы бойынша берешектерінің болмауын пайдаланып, есептер бойынша төлемдерден жалтармақшы болған. 

Жалған келісімшарттар көбінесе жалдамалы жұмысшылармен, туыс-таныстармен жасалған. Қажетті уақытта қызметшілер сотқа жалақы бойынша берешекті өндіру туралы жалған талаптарды беріп отырған. Осымен қатар, аталған талапкерлер мүлде басқа ұйымдарда жұмыс істеген, оларда салық бойынша жеке табыстар мен әлеуметтік салық есептіліктері болмаған.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жалақы бойынша берешек бірінші кезекте өндіріледі, осындай тетік кәсірорын-борышкерге өзінің активтерін сақтап,  тиісті төлемдерден жалтаруға мүмкіндік берген.

Жүргізілген талдау нәтижесінде прокурорлар осы схеманы әшкерелеп, сот тәртібінде 6,4 млн.теңге соманы өндіру туралы сот актілерін бұзды.

Азаматтардың жалақысын уақтылы төлеу мәселелері облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында екенін атап өту қажет.

Жылдың басынан бастап, қабылданған шаралармен жалпы сомасы 25 млн.теңге құрайтын берешек өндірілді.

Кезекті жедел кеңес отырысында облыс прокуратурасы мемлекеттік кірістер Департаменті мен еңбек инспекциясының басшыларына осы бағытта жұмысты ширату туралы нұсқады.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу