ШҚО прокуратурасы жылумен қамту бағасының тарифтерін азайтуына ықпал етті

07 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
ШҚО прокуратурасы жылумен қамту бағасының тарифтерін азайтуына ықпал етті - 34254557

Бас прокуратураның тапсырмасы шеңберінде қадағалау органы 2015-2017 жылдары жылумен қамту қызметтеріне тарифтерді есептеу заңдылығының жай-күйіне талдау жүргізді.

Тексеру барысында бұзушылықтар анықталып, нәтижесінде 2018 жылдың 1 тамызында Семей қ., Глубокое және Ұлан аудандарында жылумен қамтылуына өтемдік тарифтері енгізілді.

Сөйтіп, Семей қаласының «Теплокоммунэнерго» ШЖҚ МКК-нің жылуды өндіру, тапсыру, бөлу және қамту тарифтері тұрғындар үшін жалпы 2,76%- ға азайтылды.

Глубокое ауданында тариф 5,51% - ға, ал, Ұлан ауданында 1,83% - ға төмендетілді. Өтемдік тарифтердің қолдану мерзімі - 1 жыл.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу