ШҚО прокуратурасында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

25 шілде 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
ШҚО прокуратурасында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті - 2104456600

ШҚО прокурорының төрағалық етуімен Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, отырыс барысында кәмелет жасқа толмаған тұлғаларға қатысты қылмыстардың себебіне жүргізілген талдау нәтижелері мен уәкілетті органдардың профилактика бойынша қабылдап жатқан шараларының тиімділігі талқыланды.

Үйлестіру кеңесінің отырысына сонымен қатар полиция департаментінің басшысы, облыс әкімінің орынбасары және білім беру мен денсаулық сақтау басқармасының өкілдері қатысыты.    

Іс-шараның негізгі мақсаты – балаларды қорғауға бағытталған мәселелерді анықтау және бірлесе отырып, оларды шешудің жолын табы.

Талдау нәтижесі көрсеткендей, осы салада нақты бір жұмыс бойынша уәкілетті органдардың қабылдап жатқан профилактикалық шаралары жеткіліксіз болып шықты. Ведомствоаралық өзара қарым-қатынас жоспарында олқылықтар бар.

Мысалы, Өскемендік полиция органдарына жүргізілген тексеріс барысында ведомствода 125 (183 кәмелетке толмағандар) тұрмысы нашар отбасы тіркелгені анықталған, ал білім беру мекемелерінде олардың саны 89 (175 кәмелетке толмағандар).  Басқа жағдайда есепке 107 (185 кәмелетке толмағандар)отбасы алынбай қалған, оларды прокуратура Үржар, Катон-Қарағай, Шемонаиха, Абай және Күршім аудандарында анықтаған.  Сонымен бірге, дәл осы отбасыларда көбінесе зорлық-зомбылық бұзушылықтар орын алады.

Жыл басынан бері кәмелетке толмағандарға қатысты барлығы 79 қылмыс жасалған, оның 33-і олардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы болған. Өткен жылғы мерзіммен салыстырғанда төмендеу байқалады. Алайда, соңғы үш жылдың динамикасы осы санаттағы қылмыстардың тұрақты өсуін көрсетеді (2016ж.-67, 2017ж.-61, 2018ж.-70, 2019ж.-33).

Сонымен бірге, талдау көрсеткендей, кәмелет жасқа толмағандардың құқығын қорғау бойынша комиссия жасөспірімдердің қылмысы, тәртіпсіздігі  бойынша істердің нағыз жағдайын анықтамайды. Мысалы, Өскемен қаласында комиссия бір жыл бойы ата-ана құқығынан айыру туралы 25 материалды қарастырмаған.

Статистикалық деректер бойынша аймақта жасөспірімдер қылмысының 21,3%-ға өскені байқалады. Алдағы орындарда ұрлықтар, тонау және автокөліктерді айдап кету қылмыстары.

Үйлестіру кеңесі отырысының нәтижесі бойынша бірлескен іс-шаралар Жоспарын құру және кейінге қалдырылмайтын шараларды қабылдау бойынша жұмыс тобын құру қажеттігі шешілді. Ал, жауапты органдарға ведомствоаралық қарым-қатынасты жақсарту бойынша нұсқаулықтар берілген.

Одан бөлек, дереу арада тұрсмысы нашар отбасылардың шынайы санын анықтап, оларға  тиісті көмек көрсету ісін қолға алу, профилактикалық істерге ревизия жүргізу, балаларды соққыға жығу және қатал қарау фактілерін анықтау мақсатында арасында медициналық тексерістен өткізіп тұру тапсырылды

Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу