ШҚО прокуратурасында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

28 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
ШҚО прокуратурасында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті - 1939205241

 

         Орман заңнамасын сақтау және қорғау саласында қабылданатын шаралар, орман қорын пайдалану – осы мәселе облыс прокуроры Қ.Игембаевтың төрағалығымен өткен Үйлестіру кеңесінің отырысында талқыланды.

         Шығыс Қазақстан облысында орман қоры 3,7 млн.га құрайды. Бұл мемлекеттік орман қорлары, «Семей Орманы» МОТР» РММ және аса қорғалатын табиғат аумақтары (ұлттық парктар пен қорықтар).

         Үш жыл ішінде Шығыс Қазақстан облысында 500-ден астам өрт шығып, 33,5 мың текше метр ағаш жанып кетті. Тексеру көрсеткендей, барлық өрттердің 90% тіркелген резерваттағы орман өрттерімен күрес жұмыстары тиісті түрде ұйымдастырылмаған. Орманшылықтарда өртке қарсы техника мен құрал-саймандардың жетіспеушілігіне қарамастан, қажетті шаралар қабылданбаған.

         Ағаштарды заңсыз кесу өзекті мәселе болып табылады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру үрдісі олардың тұрақты өсуін көрсетеді. Облыс аумағында 2017-2019 жылдары заңсыз ағаш кесудің 382 фактісі тіркелді (2017-2019 ж.– 125, 2018 ж. – 151, 2019 ж. - 106). Тек қана прокурорлық тексеру кезінде заңсыз ағаш кесудің 15 фактісі, соның ішінде орман шаруашылығы қызметкерлерінің өздері де ағаштарды заңсыз кесетіні анықталды. Оған төмендетілген залал сомасы ықпал етеді, осыған байланысты шет елдердің тәжірибесі негізінде залалды есептеу әдістемесін қайта қарау қажет.  Ормандардың қасақана жою фактілерін анықтау және ашу қажеттілігі атап өтілді.

         Орман алқаптарын қалпына келтіру жұмыстары да тиісті түрде жүргізілмейді. Орман пайдаланушылары ғана емес, сондай-ақ, «Семей орманының» орман шаруашылықтары да көшеттерді отырғызу бойынша шарттық міндеттемелерді бұзып, жеткілікті түрде қалпына келтірмейді. Мысалы, талданатын кезеңде 20 мың гектардың орнына тек 9,8 мың га егілді. Резерват өз кезегінде орман қорығының, жылыжайлардың, жұмыс күштерінің жетіспеушілігіне сілтейді.  Өсімді молайту бойынша осы тектес жағдай табиғи ресурстар басқармасының ведомстволық бағынысты орман шаруашылықтарында да қалыптасқан, себебі, онда да көшеттерді отырғызу  жоспарлары орындалмаған.

         Отырыстың нәтижелері бойынша уәкілетті органдарға заң бұзушылықтарды жойып, орманды бүлдіру және орманды жою фактілерінің жолын кесу бойынша профилактикалық шараларды қабылдау ұсынылып, прокурорларға осы бағытта қадағалауды күшейту тапсырылды. Сондай-ақ, жоғары тұрған органдарға осы тектес бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейту бөлігінде қолданыстағы заңнамаға өзгертулер енгізу туралы ұсыныстар жолдау туралы шешім қабылданды.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу