ШҚО прокуратурасының қызметкерлері біліктілігін арттырды

02 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
ШҚО прокуратурасының қызметкерлері біліктілігін арттырды - 1445342121

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында «Прокуратура органдарының қызметін ұйымдастыру және басқарудағы заманауи әдістері» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өтті. Мақсатты аудитория – екінші санат резервінде тұрған қызметкерлер.

Оқыту қызметкерлердің кәсіби және басқарушылық құзыреттілігін жетілдіруге, мемлекеттік айыптаушылардың шешендік қабілетін дамытуға, келіссөздерді жүргізу әдістерін, қаржылық сауаттылық пен арнайы есеп және құқықтық статистика Комитетінің ақпараттық жүйелерін білуіне, сондай-ақ, күрделі қылмыстық істерді, сонымен қатар, қоғамдық дүрбелең тудырған қылмыстық істерді  тергеу тактикасының  білуіне бағытталған.

Спикерлердің арасында облыс прокурорының бірінші орынбасары В.Н.Шабер, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, сондай-ақ, біліктілікті арттыру «Өрлеу» Ұлттық Орталығы» АҚ филиалының кафедра меңгерушісі болды. Лекция дәрістерінен басқа тәжірибелік сабақтар да жүргізілді. Тыңдаушыларға тимбилдинг пен көпшіліктің алдында сөйлеу дағдыларын дамыту бойынша тренинг жүргізілді.

Аталмыш курстар басшылық құрамын қамтығанын ескеріп, оқыту бағдарламасының көптеген мәселелері стратегиялық менеджмент пен жоспарлау, көшбашылық және басшының жеке тиімділігі мәселелеріне арналды.

Аталмыш курстар барлық аумақтарда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы құқық қорғау органдары Академиясының тапсырмасы бойынша жүргізілгенін атап өту қажет.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу