ШҚО прокурорларының қатары жаңа кадрлармен толықтырылды

28 мамыр 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шығыс Қазақстан облысы прокуратура органдарының қатары 12 жас маманмен толықтырылды. Жуықта салтанатты түрде оларға қызметтік куәліктер тапсырылды.

Жас мамандардың әрбіреуі мұқият конкурс іріктеуінен өтті.  Бірінші кезеңде үміткерлер мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігінде жеке қабілетінің бағалауынан өтіп,  мемлекеттік тілді, заңнамаларды білуіне жүргізілген тестерді үздік тапсырды.

Кейіннен облыс прокуратурасында заңнамалардың білуіне   тест тапсырып, әскери-дәрігерлік комиссияда медициналық, психофизиологиялық куәландырудан, ұлттық қауіпсіздік органдарында арнайы міндетті тексеруден өтті.

Облыс прокуроры жаңадан тағайындалған қызметкерлерге   тілек айтып, олардың заңға адал қызмет ететіне сенім білдірді.

Жас мамандар өздеріне көрсетілген сенімді ақтауын және қадағалау органының беделін нығайту үшін барлық қүштерін салатынан айтты.  

Естеріңізге сала кетейік, прокуратура органдарына қызметке қабылдау жалғасуда, барлық сұрақтар бойынша облыс прокуратурасының кадрлық қызметіне  8 (7232) 24-18-34 телефоны арқылы хабарласуға болады.     

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу