Шығыс Қазақстан облысында дәрі-дәрмекпен алыпсатарлық жауапкершілікке тартылуда

17 шілде 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Шығыс Қазақстан облысында дәрі-дәрмекпен алыпсатарлық жауапкершілікке тартылуда - 1789063142

Жауапкершілік туралы ескертулерге және елеулі айыппұл санкцияларына қарамастан, дәрі-дәрмек бағасының алыпсатарлық фактілері әлі де жалғасуда.

Олардың жолын кесу үшін облыс прокуратурасының тапсырмасымен барлық қалалар мен аудандарда мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлерінен құралған мобильдік топтар құрылды.

Қазіргі уақытты дәрі - дәрмектерді жоғары бағамен сатудың 18 дерегі анықталды, оның ішінде 5 оқиға бүгін тіркелді. Бұл дәріханалардың баға бойынша қолданыстағы шектеулерді елемеуін көрсетеді.

Мысалы, Өскемен қаласындағы дәріханалардың бірінде шекті бағасы 1797 теңге тұратын «Кардиомагнил» препараты 2340 теңгеден сатылған.

7 дәріхана тиісті айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қалғандары қаралу үстінде.

Бағаны көтеру жайттарымен қатар фармацевтикалық қызметке рұқсаты жоқ тұлғалардың дәрі-дәрмек сатуының 8 фактісі тіркелді.

Мәселен, облыс орталығындағы сауда үйлерінің бірінде 293 орам дәрі-дәрмек сатылуы құрықталды. Іс әкімшілік айыппұл салу және тәркілеу үшін сотқа жіберілді.

Облыс прокуратурасымен Мобильді топтардың жұмысы тікелей үйлестіріліп, нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берілуде, қажетті дәрі-дәрмектердің бағасына мониторинг жүргізіліп, рейдтер жалғасуда.

Дәрі-дәрмектің бағасын негізсіз көтеру 70-тен 1000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын түсіндіреміз.

Дәрілік заттарды жоғары бағамен сату фактілері бойынша облыс прокуратурасына мына телефондарға хабарлауға болады: 8 (7232) 24-84-74, 8-775-197-13-22.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы