Шығыс Қазақстан облысының дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихат топтары

04 желтоқсан 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Үстіміздегі жылдың 9 айында Шығыс Қазақстан облыстық прокуратура қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдармен біріккен қалалық және аудандық, облыстық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихат топтарының құрамында болып, жалпы 250 аса кездесу, жиналыс, «дөңгелек үстелдер» өткізілді. Сонымен қатар, ақпараттық-насихат топтарының құрамы әр-түрлі аудиториялармен жұмыс істеу үшін жастар, ардагерлер, ақсақалдар ұйымдарының, «Нұр Отан» партиясы өкілдерімен де қамтылған.

Ақпараттық-насихат тобының жұмысы бекітілген жоспарға сәйкес және адресті түрде, бөлек алынған елді мекендер мен ұжымдар, тұрғындардың санаттары арасында өткізілді. Атап айтқанда, құқық қорғау органдарының, әділет департаментінің, прокуратураның, әскери бөлімдердің, медициналық мекемелер қызметкерлері, университет, колледж студенттері қамтылды. Бесқарағай, Ұлан, Зайсан аудандарының аудан орталықтары және шағын ауылдарында әр-түрлі форматта іс-шаралар ұйымдастырылып, кешенді жұмыс өткізілді. Деструктивті діни ағымдарға бейім жастар тұратын ауылдарға ерекше көңіл аударылды.

2013 жылы 4 қыркүйекте Антитеррорлық комиссиясының алғашқы мәжілісінде дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихат жұмысының мәселелері тыңдалды. Мәжіліске қатысушылар тұрғындардың дәстүрлі діни ілім негіздері мен дін атын жамылған экстремисттік идеология туралы білім деңгейін арттыру мақсатында АНТ құрамына дінтанушы, мәдениеттанушы, философтар, психологтарды, қоғамтанушы мамандарды енгізу қажет деген мәселені көтерді, қалалар мен аудандардың дін мәселелерін түсіндіру бойынша ақпараттық-насихат топтарының жұмысына жан-жақты талдау жасалды.

Дін мәселелерін түсіндіру бойынша ақпараттық-насихат топтарымен, кездесулер алдында жиналған қауымға арнайы фильмдер көрсетіліп, діни экстремизмнің алдын алуға, діни ағымдардың нанымдарына арналған 500 дана бірыңғай әдістемелік құрал таратылды.

Діни экстремизм идеяларына қарсы бағытталған мәтін басылған коммуналдық төлемдердің түбіртектері абоненттерге таратылды. Бұл тәжірибе облыстың қалалары мен аудандарында қолға алынды.

Облыстық «Қазақстан-Өскемен» телеарнасында ұйымдастырылған ай сайын «Дін мен діл» және «Близкие духом» телебағдарламаларында облыстық прокуратура қызметкерлерімен дін мәселесі бойынша сұрақтарға жауаптар берілді (бөлім бастығы Медиғатов М.М., бөлім прокуроры Акпекова Н.). Бұқаралық ақпарат құралдары басылымдарында, интернет-сайттарда прокуратура қызметкерлері анықтаған заң бұзушылықтар негізінде мақалалар жария етілді («Kazakhstan Today» 23.08.2013 ж. «Altaynews.kz» 05.09.2013 ж. «Yk.kz» 06.09.2013 ж. «YK-news.kz»11.09.2013 ж., газеттерде: «Рудный Алтай» №108 от 13.09.2013 ж. «Дидар» №108 от 13.09.2013 ж. және т.б.).

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысында дін саласындағы мәселелерді, үрдістерді зерттеу мақсатында ШҚО талдау және болжау институты мамандары жылына екі рет әлеуметтік зерттеу әзірлейді. Мамыр айында өткізілген зерттеу нәтижесінде 2012 жылға қарағанда Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын оң бағалайтын респонденттердің саны 12 пайызға өсіп, 68 пайызға жеткен. Сауалнама толтырғандардың 60,7 пайызы соңғы жарты жылда имамдардың діни сауаттылығының жоғарлағанын көрсеткен.

Жалпы, өңірде ақпараттық-насихат жұмысы тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру және экстремистік идеяларға тосқауыл қою құралдарының нәтижелі түрі болып отыр.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу