Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында Конституция Күніне арналған салтанатты жиналыс өтті

02 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында Конституция Күніне арналған салтанатты жиналыс өтті - 1395773388

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында Қазақстан Республикасының Конституция Күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Әріптестерін айтулы мерекемен құттықтай отырып, облыс прокуроры Құсайын Игембаев  Конституцияның тарихи маңызы мен тәуелсіз Қазақстанды қалыптастыру жолында   прокуратура органдарының заңдылықты және құқықтық тәртіптік қамтамасыз етудегі рөлін атап өтіп, барлығына жауапты міндеттерді атқаруда табыс тіледі

Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Ғазиз Найзабаев прокуратура органдарына қызметке қабылданған 12 жас маманнан ант қабылдады. Олардың барлығы атқаратын лауазымына сәйкестігіне тапсырған аттестациядан үздік өтіп,  комиссияның шешімімен бастапқы сыныптық шенге ұсынылды.

Жаңадан қабылданған жас мамандар халыққа қызмет етіп, өздеріне жүктелген міндеттерін жауаптылықпен атқаратынын, Конституция мен Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтайтынына уәде берді.

Жиналғандардың алдында Ғазиз Тәшенұлы сөз сөйлей отырып, жас мамандардан азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауын қамтамасыз ету бойынша прокуратура органдарының алдына қойылған міндеттерін тиімді атқара алатын өз кәсібінің нағыз майталмандары қалыптасатынына сенім білдірді. 

Прокуратура органдарының ардагерлері де тілек айтты. Олардың арасында 1992-1995 жылдары  Шығыс Қазақстан облысының прокуроры лауазымын атқарған 3-ші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Михаил Яковлевич Керцман да болды. Ол  жас қызметкерлергіе өздері таңдаған мамандықты абыроймен атқаруға тілек білдірді.

Іс-шараның соңында қызметтік борышын үлгілі және мінсіз атқарғаны үшін прокуратура органдарының бірқатар қызметкерлері медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу