Шығыс Қазақстан облысының прокуроры аудандарға танысу сапарымен баруын жалғастыруда

01 қараша 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Шығыс Қазақстан облысының прокуроры аудандарға танысу сапарымен баруын жалғастыруда - 502994661

Аудандармен танысу сапарының бағдарламасы мазмұнды болды, екі күн ішінде облыс прокуроры 8 ауданға барды. Жұмыс сапары барысында облыс прокуроры аудан прокуратураларының, ішкі істер бөлімдерінің ұжымымен кездесіп, бірқатар кәсіпорындарға барып, азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қабылдауын жүргізді.

Шемонаиха ауданында облыс прокуроры түзеу мекемесіне барды. Бас прокуратураның «Колонияларда жұмыспен қамту - 2017» жобасының шеңберінде түзеу мекемесінде 12 жеке кәсіпкер, оның ішінде, 5 сотталған тұлғалар өз бизнестерін ашты. Түзеу мекемесінде сотталғандар металл және ағаш өңдеуімен айналысады, техникалық қызмет көрсету орталығы қызмет етеді. Нәтижесінде 130 сотталған тұлға тек жұмыс қана істеп қоймай, өз еңбегіне лайықты жалақы алады.

Бұдан да басқа, сотталған тұлғаларды жаңа мамандықтарға оқыту шаралары қабылдануда. Жергілікті органдар гуманитарлық-техникалық колледждермен бірлесіп, 2018 жылдан бастап, сотталған тұлғалар үшін аспаз, наубайшы, тігінші мамандықтары бойынша курстар ашуға келісім жасады. 2018 жылдың 1 жартыжылдығында 60 сотталған тұлғаны оқыту жоспарланды.

Облыс прокуроры түзеу мекеме аумғында жеке кәсіпорын ашқан сотталған тұлғалармен кездесіп, олардың шығаратын өнімдерін қарады. Колониядағы кезекші прокурордың жұмысымен танысты.

Облыстың басқа аудандарында қадағалау органының басшысы Құсайын Игембаев ағымдағы ахуалмен танысты, прокуратура мен ішкі істер органдарының қызметкерлерімен кездесіп, қылмыстық процесті модернизациялау мәселелерін талқылады. Жұмыс сапары барысында облыс прокуроры азаматтардың жеке қабылдауын жүргізді. Ауыл тұрғындарын алаңдататын басты сұрақтар – несие қайтару, алименттердің төленбеуі, тұрғын үймен қамтамасыз ету, сотқа дейінгі тергеу мәселелері. Барлық түскен сұрақтар бойынша нақты тапсырмалар беріліп, кейбір өтініштер жеке бақылауға алынды.  

Аудан прокурорларымен кездесу барысында қадағалау қызметінің басымдылықтары мен келелі мәселелер талқыланып, алдағы мерзімге мақсаттар мен міндеттер белгіленді. Облыс прокурорының танысу сапары жалғасуда.  

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы  

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу