Терроризм актісі туралы жалған хабарлама үшін жаза

17 сәуiр 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Конституциясының 34 бабы 1 тармағына сәйкес, әрбір адам Конституция мен Қазақстан Республикасының заңнамаларына сақтауы, басқа тұлғалардың құқықтарын, еркіндіктері мен ар-намысын сыйлауы тиіс.

Мәліметтерге жүгінсек, 2013 жылдың 12  айында Шығыс Қазақстан облысының аумағында терроризм актісі туралы 5 жалған хабарлама тіркелген. Барлық оқиғалар бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғаған.

Құқыққа қарсы әрекет жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығының бір мысалы Өскемен қалалық №2 сотының азамат Н-ға қатысты үкімі, ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 242 бабында қарастырылған қасақана қылмыс жасағаны, яғни, терроризм актісі туралы жалған хабарлама бергені үшін айыпты деп танылған.

Мысалы, 2013 жылдың 12 сәуірінде Өскемен қаласында күндізгі уақытта Н. деген азамат алкогольды мас күйінде терроризм актісі дайындалып жатқаны туралы қасақана ниетпен Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер Департаментінің «102» жедел басқару орталығына телефон шалып, «Вояж» кафесінде жарылғыш зат салынғаны туралы хабарлап, полиция қызметкерлерін жіберуін талап еткен.

Сот үкімімен Н. кінәлі деп танылып, 1 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылуға, мемлекет пайдасына құқық қорғау және жедел қызметтерінің оқиға орнына баруымен келтірілген 33 188 теңге көлемінде материалдық зиянды өтеуге сотталған.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сот алқасының қаулысымен аталған үкім өзгеріссіз,  сотталғанның шағымы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Көп жағдайда, жарылғыш заттар салынғаны туралы жалған хабарламаларды жасөспірімдер мен балалар хабарлайды.

Осымен қатар, кәмелетке толмағандар құқық қорғау және жедел қызметтерінің баруымен байланысты келтірілген зиянды өтеу бойынша толық жауаптылық жүктейді. Бұл жағдайда, кәмелетке толмағандармен қатар олардың ата-аналары немесе заңды өкілдері  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзышылық туралы Кодексінің 111 бабы 2 бөлігі бойынша бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылады.

Осындай қылмыстардың ашылу деңгейі ең алдымен заманауи техникалық құралдарды енгізуімен және пайдалануымен байланысты. Олар нақты абоненттен түскен әрбір қоңыраудың нөмірін және орнын анықтай алады.  

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 242 бабына сәйкес, дайындалып жатқан терроризм актісі туралы жалған хабарлама  үшін 200-ден 500-ге дейін айлық есептік көрсеткіш түрінде айыппұл немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан шектеуге немесе 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Баяндалғандарды ескеріп, Сіздерге осы тектес фактілерге жол бермеу мақсатында, терроризм актісі туралы жалған хабарлама үшін жазаның бұлтартпастығына назарларыңызды аударамыз.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу