Ынтымақтастық туралы процестік келісім институты қолданыста

18 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ынтымақтастық туралы процестік келісім институты қолданыста - 1448877748

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының кеңейтілген ведомствоаралық кеңес отырысында ынтымақтастық туралы процестік келісім институтын қолдану және оның құқықтық салдары туралы мәселе талқыланды. 

Облыс прокурорының орынбасары А.Тілешев отырысты ашып, қатысушылардың назарын өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарына аударды. 

Ынтымақтастық туралы процестік келісім қылмыстық топпен жасалған аса ауыр, сондай-ақ, экстремистік және террористік қылмыстарды ашуына және тергеуіне жәрдем еткен кезде жасалады. Ынтымақтастық туралы процестік келісім жасаған және оның шарттарын орындаған сотталған тұлғаға қатысты оның өтелмеген жаза мерзімін қысқарту туралы өтінішхатпен прокурор сотқа жүгінеді.

Ынтымақтастық туралы процестік келісім - екі тарап үшін пайдалы мәміле, кінәлі тұлға үшін – жазасын жеңілдету, қылмыстық қудалау органы үшін  - созылмалы жасырын қылмыстарды анықтау және ашу болып табылады. 

Тұтас алғанда, тәжірибе осы институттың артықшылығын көрсетті. Оның жүзеге асырылуынан бастап, облыс прокуратурасына 41 өтінішхат түскен, 11 процестік келісім жасалды, 6 аса ауыр қылмыс ашылды, олар бойынша айыптау үкімдер шығарылды. Үшеуі Өскемен қаласының аумағында, екеуі – Алматы мен Таразда ірі көлемде есірткі заттарын сатқаны үшін сотталған, яғни, ынтымақтастық шеңберінде тек Шығыс Қазақстан облысының аумағында ғана емес, сондай-ақ, басқа аумақтарда да жасалған қылмыстар ашылуда.    

Процестік келісімдерді орындау шеңберінде бір сотталғанға өтелмеген жаза мерзімі жартылай қысқартылған, екеуіне қатысты материалдар Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында қаралуда, тағы үшеуіне қатысты мәселе шешілді, себебі, оларға жаза басқа негіздермен ауыстырылды.

Осы бағытта жұмыс талдай отырып, қатысушылар институтты әрі қарай  жетілдіру бойынша өзекті  мәселелерді көтеріп, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына хат жолдау туралы ұсыныс айтылды. Хатта құқық бұзушылықтардың шеңберін кеңейту мүмкіндігі нұсқалды, оны ашу аясында процестік келісімдерді жасауға, атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарымен күрестің артықшылығын пайдалануға болады.

Бұдан басқа, сотталғандардың құқықтарын қорғау, ынтымақтастық қағидаларын дамыту, прокуратура органдарына сенім деңгейін арртыру мақсатында, процестік келісімдердің аясында өтінішхаттарды қарау жабық сот отырыстарында қарау ұсынылды.

Ведомствоаралық кеңес отырысының соңында барлық қатысушылар келісімдерді жасау бойынша жұмысты күшейтуге бағытталды. 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу