Жарма ауданының прокуратурасы, аудан әкімдігінде 2013 жылы қабылданған құқықтық актілердің заңдылығына тексеру жүргізді.

24 желтоқсан 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының прокуратурасы, аудан әкімдігінде 2013 жылы қабылданған құқықтық актілердің заңдылығына, жер қатынастары заңдылықтарының және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының дәл және бірыңғай қолданылуына тексеру жүргізді.

Терсеру барысында, прокуратура қызметкерлері 23 қазан 2013 жылғы аудан әкімдігімен Шалабай ауылдық округіндегі 20 гектар жайылымдық жерді «Казцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне өнеркәсіп қалдықтары полигонын салу үшін 5 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану құқығына беру туралы қабылданған №112 қаулыда орын алған заңбұзушылықтарды анықтады.

Онда, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабы 4 бөлігі, және 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Жер Кодексінің 43 бабы 2 бөлігіне сәйкес жер учаскесін беру туралы шешім, жер бөлу туралы ауданның жергiлiктi атқарушы органдары құратын комиссияның оң қортындысы мен жерге орналастыру жобасы негізінде қабылдануы тиіс және осы Кодексте белгiленген жер учаскелерiн меншiкке немесе жер пайдалануға берудi аудандық және кенттік, ауылдық округ әкiмдерi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратындығы көзделген заң талаптары аудан әкімдігімен бұзылған.

Жарма аудандық әкімдігі 23 қазан 2013 жылы қаулы қабылдау кезінде арнайы комиссияның аталған жер телімін бөлу турал оң қортындысының орнына, 22 тамыз 2013 жылғы жалған комиссия қортындысын басшылыққа алған.

Онда мүлдем басқа округ әкімшілігі жер учаскесінен уақытша пайдалануға берілуі мүмкін делінген 22 тамыз 2013 жылғы комиссияның хаттамалық шешімі болған, яғни «Казцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Әуезов кенті округінен 20 гектар жер учаскесін өнеркәсіп қалдықтары полигоны құрылысын салу үшін 5 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы берілуі туралы.

Шалабай ауылдық округіндегі, босалқы жер құрамынан 20 гектар өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына 20 гектар жайылымдық жерді ауыстыру туралы  шешім де осы қаулымен қабылданған.  

ҚР «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 5 бабы 1 бөлігіне сәйкес, мемлекеттiк органдардың құқықтық актiсi Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына және жоғары тұрған мемлекеттiк органдардың құқықтық актiлерiне қайшы келмеуге тиiс, басқадай жағдайда қабылданған кезiнен бастап жарамсыз болып табылады және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылмайды.

Сондықтан, Жарма ауданының әкімдігінің 23 қазан 2013 жылғы №112 санды қаулысын бұзу туралы аудан прокуратурасымен енгізілген наразылық сот шешімімен қанағаттандырылды. Заңға қайшы қабылданған құқықтық акті бұзылды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу