Жарма ауданының прокуратурасында кәсіпкерлік субъектілері құқықтарын қорғау мақсатында «ҰТҚЫРЛЫ ТОП» құрылған

01 қараша 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Жарма ауданының прокуратурасы сенім телефоны арқылы түскен ақпараттардың негізінде кәсіпкерлік субъектілері құқықтарын қорғау мақсатында құрылған «Ұтқырлы тобымен» жиі тексерулер жүргізіп тұрады.

Мысалы, 16.09.2013 ж. түскен ақпарат бойынша аудандық әділет басқармасының қызметкері Т.Сабалаковтың 03.09.-03.10.2013 ж. аралығында кәсіпкер Садвокасованың «Ақмарал» кафесіне (Әуезов кенті, Социалистическая көшесінде орналасқан) ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңдылықтың сақталуына тексеру жүргізу барысындағы іс-әрекеті тексерілді. Ол аталған объектіге мерзімінен бірнеше күн кешігіп 13 қыркүйекте кешкі сағат 18-00-де барып, тексеру жұмыстарын түнгі сағат 21-30 шамасында бастамақ болып тексеруді тағайындау туралы актіні кәсіпкерге көрсеткен. Заң талаптары бойынша тексеруді тағайындау туралы актіні тексерілетін субъектіге берген күннен бастап тексеру жүргізу басталған болып есептеледі. Тексеру жұмыстарын бастар алдында ол өзінің қызметтік куәлігін көрсетуді қажет санамай, мемлекеттік қызметкердің беделін түсіруге ықпал ететін іс-әрекет жасап, кәсіпкерлік субъектісі арасында түсініксіздік туындатқан.

 Тексеру қортындысында Жарма ауданы бойынша әділет басқармасының қызметкері Т.Сабалаковпен ҚР 2011ж. 6 қаңтардағы №377-IV «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңының 19 бабымен белгіленген тексеруді жүргізу тәртібі (объектіге тексеру үшін келген мемлекеттік органның лауазымды адамы, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркелгені туралы белгі қойылған тексеруді тағайындау туралы актіні, қызметтік куәлігін көрсетуге міндетті) және  Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 ж. 3 мамырдағы №1567 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі туралы» Жарлығымен көрсетілген мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының жалпы қағидалары (мемлекеттік қызметшілер өзінің іс-әрекетімен мемлекет институттарының беделін түсіруге ықпал ететін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге; жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге; мемлекеттік қызметке және мемлекет институттарына қоғамның сенімін сақтауға және нығайтуға;өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмауға; адал, әділ, қарапайым да сыпайы болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға; қойылған міндеттерді шешудің оңтайлы да үнемді әдістерін қолдануға) бұзылғаны анықталды.

Көрсетілген заңбұзушылықтарды жою туралы аудандық басқарма бастығының атына ұсыныс енгізіліп, заңбұзушықтарға жол берген Жарма ауданы бойынша әділет басқармасының қызметкері Т.Сабалаковтың тәртіптік жауапкершілігі шешілді.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу