Жер учаскелерін көп жылдар бойы нысаналы мақсатына пайдаланбай келген.

08 тамыз 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының прокуратурасымен 2013 жылдың мамыр-маусым айлары аралығында аудандық салық басқармасында, жер қатынастары бөліміне және ауылдық округтер әкімдіктерінде  ҚР-ның жер заңнамасының қолдануына тағайындалған тексеру барысында заң бұзушылық фактілері анықталды.  Абай ауданы бойынша бірнеше ауылдық округтерінде 1995-2006 жылдары ауыл шаруашылығы мақсатында қолдануға берілген жайылымдық жерлерді  жалға алған шаруа қожалықтары, жер учаскелерін көп жылдар бойы нысаналы мақсатында пайдаланбай келген.

ҚР-ның Жер кодексінің 92 бабының 1 бөліміне және  осы Кодекстiң 94-бабына  сәйкес, тексеру қорытындысы нәтижесінде 9 шаруа қожалығы  жалпы көлемі 8090 (жиыны 13 жер учаскесі)  гектар жерді,  аудан әкімдігінің 24.06.2013 жылғы қаулысымен аудандық  жер қорына ерікті түрде қайтарды және  жауапты лауазымды тұлғаларға аудан әкімінің өкімімен  ескертулер берілді.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу