2014 жылдың 9 айында алаяқтық фактілері бойынша қылмыстардың жай-күйі.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Осы жылдың 9 айында тіркелген қылмыстардың жалпы төмендеу үрдісіне қарағанда, облыс бойынша алаяқтық қылмыстарының 2,3 % өсуі байқалады. Осы қылмыстың түрлері облыстың барлық аумақтарында тіркелген.

Қазіргі кезде ақшаны алаяқтық әдіспен алудың таралған жолдары – қандай да бір мәселелер туындап, оларды реттеу үшін ақшалай қаражатты беру туралы хабарламалар жолдап, ұялы телефондарға қоңырау шалу болып табылады.   Сондай-ақ, жеке тұлғасын куәландыратын құжаттарды жоғалтқан тұлғаларға экспресс-несиелерді рәсімдеу оқиғалары жиілеген. Бұрынғыдай, азаматтардың материалдық игіліктерді  иелену мүмкіндіктері болмаған жағдайда, оларға белгілі артықшылық көрсету немесе делдалдық қызметтерді көрсету кезінде қолма қол ақша алу арқылы азаматтарды жаппай алдау фактілері орын алады. Аталған жағдайлар қылмыстылықты төмендету бойынша профилактикалық жұмысты ширату, осы процесске қоғамдыстықты тарту, сондай-ақ, халықтың қауқарсыз тобы арасында құқық түсіндіру жұмыстарын жүргізу  қажеттілігін көрсетеді.

Осыған байланысты, облыс прокуратурасы халықтың ақшалай және басқа да материалдық құныдылықтарын иеленуге бағытталған алаяқтық әрекеттер мен оның әртүрлі көріністері туралы ескертіп, республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында осы бағытта мәселелерді айқындап, мақалалар мен сұхбаттарды жариялайды, рубрикаларды жүргізеді.

ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.