Азаматтарға қатысты алаяқтық әрекеттерге қарсы іс-қимылдар.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2014 жылдың 12 айындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес, Шығыс Қазақстан облысында 2 924 алаяқтық фактілері, ал,  2013 жылы 3070 алаяқтық фактілері тіркелген, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, 4,8 % төмендеген.

Осы қылмыстың төмендеу үрдісіне қарамастан, Семей қ. (1,3%), Зырян (10,6%), Аягөз (17,6%), Бородулиха (14,3%), Зайсан (58,8%), Катон-Қарағай (66,7%), Көкпекті (175%), Күршім (44,4%), Ұлан (15,4%)  және Үржар (11,1%) аудандарында жеке аумақтарда осы қылмыс түрлерінің өсуі байқалады.

Қылмыстың объектілері ақшалай қаражат және ұялы телефондар ( 80% астам) болып табылады.

Азаматтарға қарсы жасалатын алаяқтық әрекеттер әр түрлі,  мысалы, ең таралған түрі -  қылмыскерлер ақшаның ескі купюраларын жаңасына ауыстырған кезде ақшаның белгілі бір бөлігін өзіне алып қалады,  немесе, сөйлесу үшін ұялы телефонды сұрап алып, қайтармайды.

Ең күрделі схемалар – азаматтардың қозғалымсыз  мүліктеріне құжаттарды жалғандап, кейіннен аталған мүлікке заңсыз иелік етеді.

Ең жиі кездесетін алаяқтық түрі – қылмыскерлер жәбірленушілерге телефон шалып,  өздерін құқық қорғау органдарының қызметкері деп, олардың туысы полиция бөліміне қылмыс жасағаны үшін айыпталушы ретінде түскенін, мәселелені оңды шешу үшін ақшалай қаражат талап етіп, ақшалай қаражатты үшінші тұлғаға тапсыру немесе ұялы телефонның нөміріне аудару туралы хабарлайды. 

Жер учаскелерін белгілі сыйақыға алып беру туралы алаяқтық жасау фактілері де кездеседі.  

Сондай-ақ, алаяқтар жәберленушілерге арзан бағамен пәтер алып береміз деп  адастырып, олардың ақшалай қаражаттарын иемденеді.

Қаралатын қылмыс түрінің ең маңызды факторы – жәбірленушілердің мінез-құлықтары. Бұлар, халықтың еңбекке  жарамды қауымы, көптеген жағдайларда, 20-60 жас аралығындағы әйелдер алаяқтардың құрбаны болады.   

Бұл жағдайда, алаяқтар жәбірленушілердің заңның білмейтінін пайдаланады. Сондай-ақ, азаматтардың сенімділігі, жеңілтектігі, салақтығы өздерін алаяқтарға алдауына мүмкіндік жасайды.  Алаяқтардың алдауына көбінесе сараң, оңай олжа алғысы келетін адамдар түседі.

Осыған байланысты, Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы азамттардың қырағы болуына, алаяқтардың құрбанына айналмауына шақырады. Алаяқтық фактілері бойынша 26-09-89 сенім телефонына хабарласуыңызды сұраймыз.

 

ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.