Шығыс Қазақстан облысында жәбірленушілерге өтемақы төлеу Қорына сотталғандардан 7 млн. астам теңге өндірілді

22 ноября 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Шығыс Қазақстан облысында жәбірленушілерге өтемақы төлеу Қорына сотталғандардан 7 млн. астам теңге өндірілді - 727328007

Осы жылдың шілде айынан бастап, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғалар келтірген залалды мәжбүрлеп өндіру тәртібін реттейтін «Жәбірленушілерге өтемақы төлеу Қоры туралы» Заңының талаптары  қолданысқа енгізілді.

Қазіргі кезде Шығыс Қазақстан облысының соттары 289 сотталған тұлғалардан Қорға 7,5 млн.астам теңге өндірген.

Мәжбүрлі төлемдер өндірілмеген 33 тұлғаға қатысты үкімдер сәйкестендірілді. Нәтижесінде Қорға қосымша 600 мың теңге түсті.

Сонымен қатар, Заңның қолданысқа енгізілуіне дейін 4 сотталғаннан мәжбүрлі төлемдерді негізсіз өндіру фактілері анықталды. Прокурордың апелляциялық талап-тілектері бойынша бұзылыстар жойылды.

Естеріңізге сала кету керек, аталмыш Қор жәбірленшілерге қажетті материалдық көмекті дереу көрсету мақсатында құрылған. Ол айыптау үкімін шығару кезінде кінәлі тұлғалардан өндірілетін мәжбүрлі төлемдер есебінен қалыптастырылады.

Өндіру сомасы  қылмыстың ауырлығына байланысты, яғни, мөлшері 5 АЕК-тен 30 АЕК-ке дейін құрайды.

Бұдан да басқа, Қорды процестік бұзушылықтар үшін сот салған өндіру есебінен, сондай-ақ, түзеу жұмыстары түрінде жазаларын өтеп жүрген сотталғандардан ұсталынып қалатын сомалардан толықтыру көзделеді. 

Заң бойынша қаражатты екі жыл жинақтау мерзімі қарастырылады. Өтемақы 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап төленеді.

Аталмыш өтемақыны кәмелеттік жасқа толмаған сексуалды зорлық-зомбылық құрбандары, саудаланған немесе азапталған тұлғалар және қылмыс нәтижесінде денсаулығына ауыр зардап келтірілген, сондай-ақ, АИТ жұқтырған  жәбірленушер немесе жәбірленуші қаза болған жағдайда оның заңды өкілі  ала алады.

Қаражат біржолғы төлем түрінде 30-дан 50 АЕК-ке дейін жәбірленушіге қатысты жасалған құқық бұзушылық әрекеттеріне сай төленеді.

Сонымен қатар, жәбірленуші әрі қарай кінәлі тұлғадан залалды толық өндіріп алу мүмкіндігінен айырылмайды.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Комментарии

Добавить комментарий