ШҚО прокуратурасында кадрлардың ауысуы

27 марта 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
ШҚО прокуратурасында кадрлардың ауысуы - 24576845

 

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында кадрлар ауысты. 

Семей қаласының прокуроры лауазымына әділет кеңесшісі  Саид Аймұхан тағайындалды.

С.Аймұхан 1979 жылы Зырян ауданында туған, заңгерлік мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік заң академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы Зырян ауданы прокурорының көмекшісі м.а. бастады, кейіннен Ұлан ауданының, Өскемен қаласының, облыс прокуратураларында қызмет атқарған.

Басшылық лауазымдарында тәжірибесі мол – Ұлан ауданы прокурорының орынбасары, Өскемен қаласы прокурорының орынбасары, Зырян ауданының прокуроры.

Аталған лауазымға тағайындалуына дейін Риддер қаласының прокуроры қызметін атқарған.  

Құқық қорғау органдарындағы өтілі 18 жыл құрайды.  

***

Риддер қаласының прокуроры лауазымына бұрын Шемонаиха ауданының прокуроры лауазымында қызмет атқарған Александр Акулов тағайындалды.

Александр Акулов 1978 жылы туған, Зырян ауданының тумасы. Шығыс Қазақстан мемлекеттік унверситетін тәмамдаған, прокуратура органдарында 2006 жылдан бастап қызмет атқарады. 

Зырян ауданы прокурорының көмекшісі м.а., облыс прокуратурасында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.     

Құқық қорғау органдарындағы өтілі 12 жылдан астам.   

***

Шемонаиха ауданының прокуроры лауазымына 1978 жылы туған Даулет Кенжебеков тағайындалды.  

Ол Семей қаласының тумасы, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған.  

Еңбек жолын 199 жылы Семипалатинск қаласы прокурорының көмекшісі м.а. лауазымынан бастаған.

2003 жылы облыс прокуратурасының алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау Басқармасының аға прокуроры лауазымына тағайындалған.

Әртүрлі жылдары Бородулиха ауданы прокурорының орынбасары, Риддер қаласы прокурорының орынбасары, Үржар және Бородулиха аудандарының прокуроры лауазымдарында қызмет атқарған.

Құқық қорғау органдарындағы өтілі 18 жылдан астам.   

***

Үржар ауданының прокуроры лауазымына бұрын Бесқарағай ауданының прокуроры Ержан Кошкин тағайындалды.  

Е.Кошкин 1971 жылы туған. Абай ауданының тумасы, Карағанды мемлекеттік университетінің құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

Прокуратура органдарында 1994 жылдан бері қызмет атқарады. Еңбек жолын Семипалатинск қаласы прокуратурасында тергеушінің м.а. қызметінен бастаған.

Тергеу және жедел-іздестіру саласында тәжірибесі мол.

Басшылық лауазымдарында қызмет атқарды. Абай, Зайсан, Бородулиха және  Бесқарағай аудандарының прокуратураларын басқарған.

Құқық қорғау органдарындағы өтілі 24 жылдан астам.   

***

Маманданған табиғат қорғау прокуроры лауазымына бұрын Үржар ауданының прокуратурасын басқарған Ерлан Баденбаев тағайындалды.

Е.Н. Баденбаев 1974 жылы Өскемен қаласында туған.

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған соң, еліміздің Қарулы күштерінің қатарында әскери борышын өтеген. 2000 жылы Ұлан ауданы прокуратурасына қызметке қабылданды, кейіннен облыс прокуратурасында қызмет атқарған.

Басшылық лауазымдарында тәжірибесі мол – Зырян ауданы прокурорының орынбасары, Шемонаиха және Үржар аудандарының прокуроры.  

Құқық қорғау органдарындағы өтілі 19 жылдан астам.   

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Комментарии

Добавить комментарий