Шығыс Қазақстан облысында бірінші рет қамауда отырған тұлғамен медиативтік келісім жасалды

15 апреля 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Шығыс Қазақстан облысында бірінші рет қамауда отырған тұлғамен медиативтік келісім жасалды - 517350607

 

Ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін сотталған тұлға азаматтық талап-арыз бөлігінде медиативтік келісім жасады.

Ол ОВ 156/22 мекемесінде жазасының басым бөлігін өтеген, бірақ, төлемеген залалы болған соң, оған бірінші сотының соты бас бостандығынан айыру жазасын жеңілірек жазаға ауыстырудан бас тартқан.

 Облыс прокуратурасының бастамасымен сотталған тұлға медиатормен және жәбірленушімен үш тарапты келісімге қол қойды. Осы құжаттың шарттары бойынша сотталған тұлға ай сайын жалақысының 50%, яғни, 30 мың теңге төлеуге міндеттелді.

Жәбірленушінің сотталған тұлғаға талаптарының жоқтығын, онымен татуласқанын, медиативтік келісім жасағанын ескеріп, прокурор апелляциялық сатыда сотталғанның өтінішхатын қолдады. Облыстық сот оның 2 жыл 7 ай 19 күн өтелмеген жаза мерзімін бостандығын шектеу жазасына ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы қылмыстық заңнаманы ізгілендіру саясатын дәйекті түрде жүзеге асыратынын атап өту қажет.  Бұрын сотты болған тұлғаларды әлеуметтік бейімдеуіне, пробация қызметінің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ, баламалы жаза шараларына сотталған тұлғаларды ресоциалиязациялауға аса назар аударылады.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Комментарии

Добавить комментарий