Бородулиха және Бесқарағай аудандарының прокурорлары тағайындалды

13 мая 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бородулиха және Бесқарағай аудандарының прокурорлары тағайындалды - 1952542888

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха және Бесқарағай аудандарының прокурорлары тағайындалды

Бородулиха ауданының прокуроры болып әділет кеңесшісі Руслан Муратбеков тағайындалды.

Р.М.Муратбеков Семей қаласында 1983 жылы туды, Қазақ  гуманитарлы-заң университетін заңгерлік мамандығы бойынша бітірген.  

Еңбек жолын 2005 жылы Семей қаласы прокурорының көмекшісі қызметінен бастады, кейіннен соттарда мемлекеттік айыпты қолдау  және қылмыстық актілердің заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы, облыс прокуратурасының басқарма бастығы лауазымдарында қызмет атқарды.

2016 жылдың тамызынан бастап Семей қаласы прокурорының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.  

Прокуратура органдарында жұмыс өтілі 14 жыл.

* * *

Бесқарағай ауданының прокуроры болып кіші әділет кеңесшісі Берик Турдин тағайындалды.

Б.М.Турдин 1983 жылы туды, Қазақ гуманитарлық - заң университетін бітірген.  

Еңбек жолын 2005 жылы Семей қаласы прокурорының көмекшісі қызметінен бастады. Әртүрлі жылдары Бородулиха ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Семей қ. прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықты қадағалау бөлімінің бастығы лауазымдарында қызмет атқарды.  

2012-2016 жылдары Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы прокурорының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

Осы тағайындауға дейін – Жарма ауданы прокурорының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.  

Прокуратура органдарында жұмыс өтілі 14 жылдан астам.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

 

Комментарии

Добавить комментарий