ШҚО прокуратурсы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша БАҚ баспасөз-конференциясын өткізді.

14 января 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2014 жылдың 14 қаңтарында облыс прокуратурасында өткен жылы кәсіпкерлер құқықтарын қорғау саласындағы атқарылған жұмыс нәтижелерін қорытындылап, бұқаралық ақпарат құралдарымен баспасөз-конференциясын өткізді.
2013 жылы кәсіпкерлік субъектілеріне заңсыз жүргізілген барлығы 651 тексеру анықталды, оның ішінде 645 жоспарлы, 6 жоспардан тыс, 194 тексеру заң бұзушылықтармен жүргізілген. Аталған фактілер бойынша облыстық прокуратура органдарымен заң бұзушылықтарды жою туралы 58 ұсныс енгізіліп, 114 лауазымды тұлға әртүрлі жауаптық түрлері бойынша жауапқа тартылды.
Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасының аталған саладағы қадағалау бағыты, бинез-қоғамдастықпен өзара іс-қимылдарын күшейтуге бағыттылған.
Осыған байланысты, облыс прокурорының бұйрығымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Қоғамдық Кеңес құрылып, оның құрамына 16 бизнес-бірлестік өкілдері кірді.
Қазіргі кезеңдегі, құрылыс саласындағы қауырт жағдайда, құрылыспен айналысатын кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған шаралар оң шешімін тапты.
2013 жылы облыс прокуратурасының жедел қызметкерлері, қаржы полициясы органдарының екінші деңгейдегі банктер мен салық органдарынан 96 жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты прокурордың тиісті санкциясынсыз мәліметтер сұратқаны туралы 29 фактыны анықтады.
Алкоголь өнімдерін көтерме бағамен сататын тұлғалар тексеріліп, нәтижесінде Өскемен қаласының бір көтерме қоймасында анықталмаған үлгідегі есептік-бақылау маркасы бар 100 000 бөтелке алкоголь анықталды. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
2013 жылы прокуратура органдары тоқсан сайын «Заң және Кәсіпкер» акциясын өткізіп, облыс орталығы мен аудандардағы ірі сауда орталықтарында азаматтарды қабылдауын жүргізді.
Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер Палатасымен бірлесіп рұқсат беру құжаттарын алу рәсіміне мониторинг жүргізілді, нәтижесінде аталған рәсімдеу облыстың барлық аумақтарында бірыңғайланды.
Облыс прокуратурасы органдарында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша ұтқыр топтар құрылған. Кәсіпкерлер үшін «сенім телефондары» қызмет етуде.
2013 жылы ұтқыр топтардың сенім телефондарына 44 арыз түсті, олардың 26 расталды. Түскен арыздар бойынша 1 қылмыстық іс қозғалып, заң бұзушылықты жою туралы 10 ұсыныс енгізілді, 7 заңсыз актіге 4 наразылық енгізіліп, 1 түсініктеме берілді, тәртіптік жауаптылыққа 8, әкімшілік жауаптылыққа 2 лауазымды тұлғалар тартылды.
Кәсіпкерлерді жергілікті деңгейде қолдау шаралары да дәйектелді.
Облыс прокурорының бастамасымен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілеріне несие кепілдеудің Бірыңғай Қорын құру шаралары әкімдікпен шешілуде.
Облыстың кәсіпкерлер Палатасымен бірлескен, кәсіпкерлердің бір мемлекеттік органдарынан барлық рұқсаттар мен лицензияларды «бір терезе» қағидасы бойынша алуды енгізу мәселесі дайындалуда.
2014 жылы ШҚО кәсіпкерлер Палатасымен бірлесіп кәсіпкерлердің рұқсат алу рәсімдерін өтудің тәжірибесіне сараптама жүргізу, және олардың табиғи монополиялық субъектілерімен өзара іс-қимылдары бойынша қарау жоспарлануда.
2014 жылы 14 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы мен Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер Палатасы арасында кәсіпкерлерді қорғау мәселелері бойынша Меморандумға Қол қою жүзеге асырылды.
Аталған Меморандум кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласында бірлескен ынтымақтастықты жалғастыру үшін маңызды қадам, және кәсіпкерлік субъектілеріне жан-жақты қолдау көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Меморандум жақтары алдағы уақытта кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау үшін билік пен бизнес арасындағы байланысты жетілдіруді, кәсіпкерліктің дамуының өзекті мәселелерін шешу үшін барлық шаралар қолданылануды жоспарлауда.

Комментарии

Добавить комментарий