Риддер қаласындағы тұрғын үйдің жер астына опырылып түсу фактісі бойынша.

07 апреля 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2014 жылдың 5  сәуірінде Риддер қаласының прокуратурасы облыс прокурорының орынбасары Н.Д.Бижановтың қатысуымен тұрғын үйдің жер астына опырылып түсу фактісі бойынша брифинг өткізілді

2014 жылдың 4 сәуірінде сағат 15.00-де Риддер қаласы Боровая көшесінде «АлтынТауВосток» ЖШС Риддер-Сокольний кен орнының шахтасында жер қабаты опырылып, нәтижесінде, № 5 үй жер астына түсіп кеткен.

Үйдің опырылып түсу орнының диаметрі 70 метр құраған, жер қабаты 110 метр тереңдікте, кен орнының 11 беткейіне дейін орналасқан. Қазіргі кезде ойыңқының мөлшерлеме тереңдігі 30 метр құрайды. Кен орнының басшылығы қазіргі кезде ойыңқының әрі қарай опырылып кетпеуі үшін шаралар қабылдауда.

Опырылым нәтижесінде 120 үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді, (Боровая, Хорев, Горький, Речной көшелері). Тұрғындардың мүлкін сақтау мақсатында 120 үй орналасқан аумақты Риддер қаласының ІІБ қызметкерлері күзетуде. Коммуналдық қызмет аталған үйлерде электр қуатын өшіру шараларын қабылдаған.

Қазіргі кезде 60 тұрғын «Қазмырыш» ЖШС-нің профилакторийінде орналастырылған. Олар үшін ыстық тамақ және медициналық қызметкерлердің кезекшілігі ұйымдастырылған. Қалған тұрғындарды орналастыру «Синегорье» демалыс базасында жоспарланған. Риддер-Сокольний кен орнының қызметкерлері жердің бетіне шығарылып, қазір олар қауіпсіздікте.        

Риддер әкімінің 2014 жылдың 4 сәуірдегі № 285 қаулысымен техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланып, оны жою бойынша шаралар ұйымдастырылған. Қала әкімдігінің жанында коммуналдық қызмет, прокуратура қызметкерлерінен, мемлекеттік органдардың, «Қазмырыш» ЖШС-нің өкілдерінен жедел штаб құрылған.  

2014 жылдың 4  сәуірінде Риддер қаласының прокуратурасы осы оқиға  бойынша ҚР ҚК-нің 245 бабы, 2 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады (тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде ауыр салдарға әкеліп соққан, қауіпсіздік ережелерінің бұзушылығы).

Облыс прокуратурасының тапсырмасы бойынша полиция және прокуратура органдарының ең тәжірибелі қызметкерлерінен тергеу-жедел тобы құрылды. Тергеу барысында болған оқиғаның себептері, кінәлі тұлғалар анықталып, келтірілген зиянды өндіру мәселесі шешіледі. Қылмыстық істің тергелуі ерекше бақылауда  

Төтенше жағдайды жою барысында прокуратура органы қоғамдық  тәртіптің, адамдардың қауіпсіздігін, азаматтардың құқықтарын сақтауын ерекше бақылауға алды.

Риддер қаласында орналасқан стратегиялық объектілердің қауіпсіздігіне жеке назар аударылды.

 

ШҚО прокуратурасы   

Комментарии

Добавить комментарий