2014 жылдың 4 мамыр күні облыстық прокуратурада «Қазақмыс» ЖШС-нің Юбилейно-Снегирихин кен орнында тау массасы опырылу фактісі бойынша брифинг өтті.

05 мая 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2014 жылдың  4 мамыр күні облыстық прокуратурада «Қазақмыс» ЖШС-нің  Юбилейно-Снегирихин кен орнында  тау массасы опырылу фактісі бойынша брифинг өтті.

Алдын ала мәліметтер бойынша,  қайғылы оқиға ағымдағы жылдың  мамырдың 3 күні сағат 5.45-те орын алған.  Юбилейно-Снегирихин кен орнының +75 белгісінде 1991 жылы туған Д.Б.Сейсеков, 1966 жылы туған А.М.Сыдықов, 1975 жылы туған Е.Р.Сағынбаев  көсек орнату бойынша жоспар-наряд орындау кезінде тау массасы опырылып, олар үйіндінің астында қалып қойған.

Үйіндінің астынан ауыр жарақаттанған Сейсеков пен Сыдықов шығарылып алынды,

Бекітуші Сағынбаевтың өлі денесі шығарылды.  

         Аталған факт бойынша Глубокое ауданының прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 152 бабы, яғни, еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Жұмыс берушінің деректері бойынша Е.Р.Сағынбаевтың жақын туыстарына ұжымдық еңбек келісімшартына сәйкес, оны жерлеу үшін 300 мың теңге  көлемінде біржолғы төлем, сондай-ақ, жұмыс берушінің 100 пайыз кінәсі анықталған жағдайда 10 жылдық еңбек ақысы көлемінде біржолғы төлем  қарастырылған. Дене жарақаттарын алған қызметкерлерге төленетін төлем алынған жарақаттардың ауырлық деңгейін анықтау және тергеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

Бұдан да басқа, облыс прокуратурасы ҚР Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша ірі шаруашылық жүргізу субъектілеріне жұмысшылардың өндірістік жарақаттар алған жағдайда заңдылықты сақтау бөлігінде еңбек заңнамасының қолданылуына тексеру жүргізілуде.

Осыған байланысты, өндірістік жарақат алу фактілерін есептен жасыру туралы ақпарат болғанда немесе қызметкерлерге еңбекке  жарамсыздығын жоғалтуы бойынша төлемақы төлеу бөлігінде жұмысшылардың құқықтары бұзылған кезде азаматтар облыс прокуратурасына өздерінің құқықтарын қорғау үшін арыздануға құқылы.   

Комментарии

Добавить комментарий