«Алимент төле!» акциясын қорытындылау.

06 июня 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2014 жылдың маусымның 6 күні Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасында «Алимент төле!» атты брифинг өтті.

 Облыс прокуратурасымен атқару өндірісі мекемелерінде, алимент өндіру туралы сот актілерінің орындалмауы себеп-салдарына және борышкерлердің жауапкершілігін күшейтуіне жан-жақты тексерулер жүргізілуде.

Осы жылдың 5 айында облыс прокуратурасы, сот орындаушылар және ішкі істер органдарымен бірлесе отырып алимент өндіруге бағытталған жұмыс атқарған. Оған дәлел болатын өткізілген «Алимет төле!» акциясы.

Шығыс Қазақстан бойынша алимент төлеуші 20 000 азамат есепте тұр, олардың тек 87% алиментті ерікті түрде төлеуде. Қалғаны алимент төлеуден бас тартып, табыс көздерін жалтарып, сот орындаушылар мен ішкі істер органдарынан бой тасалап жүр.

1 маусымдағы балаларды қорғау күніне орай облыс прокуратурасы ШҚО сот актілерін орындау Департаментімен, учаскелік полиция және әкімшілік полиция қызметкерлерімен бірге, үстіміздегі жылдың 19 – 31 мамыр аралығында «Алимент төле!» акциясын өткізген. Кәмелет жасқа толмаған балалардың пайдасына алимент төлеу бойынша акциялар облыс прокуратурасымен былтырдан бері өткізілуде.

Акция ішінде, 58 сот орындаушысымен 58 прокурордан құрылған мобильді топтар күнделікті борышкерлердің мекен-жайлары бойынша шығып, атқарған жұмыс бұқараралық құралдар арқылы жарияланған. Мобильді топтар біржарым мың мекен-жай бойынша шыққан болатын.

Қолданған шаралар негізінде, облыс бойынша алимент бойынша 41 млн. берешек сома өндірілген.

Сот органдарына борышкерлерге іздеу жариялау үшін 35 ұсыныс жолданып, алимент төлеуден жалтарып жүрген 46 тұрға бойынша жиналған құжаттар, борышкерлерді ҚР ҚК 136 бабы бойынша қылмыстық жазаға тарту үшін өндіріп алушыларға берілген.

Көліктері бар борышкерлерге ықпал ету амалдардың бірі көлік құралдарын ұстап арнайы тұраққа қою болып табылады. Осыған орай, облыс прокуратурасы жол полиция қызметкерлерімен бірлесіп рейд жүргізген. Нәтижесінде борышкерлердің 5 автокөлігі ұсталып арнайы тұраққа қойылған.

Өткен мерзім ішінде, сот орындаушылардың қаулыларының негізінде 47 борышкерге қатысты Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша тиым салынған.

Әкімшілік жауапкершілікке 52 борышкер тартылып, оның ішінде 37 тұлға әкімшілік қамауға алынып, 15 тұлғаға әкімшілік айыппұл салынған.

Борышкерлермен еңбек келісім шарты бұзылғандығы туралы сот орындаушысын тиісті түрде хабардар етпеген үшін және алимент берешегі бойынша жалақыларынан ұсталған сома туралы хабарламаған үшін кәсіп орындардың 5 бухгалтері ҚР ӘҚБтК 525, 526 бабтарының негізінде әкімшілік жауаптылыққа тартылған.

Аталған мерзім ішінде 82 атқару өндірісі қысқартылып, 137 атқару өндірістері бойынша атқару парақтары қайтарылған. Борышкерлердің жалақысынан алимент төлемдерін ұстау үшін 250 атқару парағы жұмыс орындарына жолданған.

Бұдан басқа, қала және ауылдық округтері әкімдерінің көмегімен 30 борышкер жұмыспен қамтылып, 10 борышкер жұмыспен қамту орталықтарына тіркеуге алынған.

5 ай ішінде алимент бойынша барлығы 130 млн. теңге өндіріліп, берешек сома 66 млн. теңгені құрап отыр.

Комментарии

Добавить комментарий